- Лицензия берудің жаңа ережесі бойынша құрылыс компанияларында сейсмоқауіпті аудандарда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге құқық беретін куәліктері болуы тиіс. Бұл талаптар біздің аймақта талап етіле ме?
Телефон арқылы
Сауалға облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы Мақсот ЕСІМОВ жауап береді:
- Лицензия алғысы келген барлық құрылыс фирмалары біздің басқармаға құжаттарын тапсырады, ал, басқарма ол құжаттарды Астанаға құрылыс істері жөніндегі агенттікке жолдайды. Бірыңғай үлгідегі лицензия Қазақстанның барлық аумағында жарамды болады және сондықтан да құрылыс фирмаларына қойылатын талаптар да еліміз бойынша олардың сейсмоқауіпті аймаққа жататын - жатпайтындығына қарамастан бірдей болады.
Соңғы 6 жылда облыста лицензияны 2,5 мың фирма алды. Лицензия 5 жылға жарамды. Дегенмен, 2012 жылдың 30 қаңтарынан бастап енгізілген жаңа ережелерге байланысты жұмысқа бұған дейін рұқсат алып үлгергендер құжаттарды қайта рәсімдеп, 30 шілдеге дейін жаңа лицензия алуға тиісті. Біздің облысымызда лицензияны тек шамамен 40 шақты фирма ғана жаңартқан.