Атырау, 6 желтоқсан 09:05
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қиын әрі қауіпті қызмет

3 597 рет қаралды

- Журналистермен болған кездесуде әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жәнібек ШӘРІПОВ жол-патруль қызметі құрылғаннан кейін көліктерді полицейлер тек ЖПҚ арнайы постыларында ғана тоқтататындығын әлденеше рет мәлімдеген еді. Алайда полицейлердің көліктерді кез келген жерде тоқтатуы жалғасуда... Бұған не себеп?

azh.kz сайтынан

Сұраққа әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұхамбетжан ОСПАНОВ жауап берді:

– Жол-патрульдік полициясы жеке құрамының қызметі жол қозғалысы процесіне тікелей араласуды қажет ететін жағдайларды, яғни, жол қозғалысын реттеу, кептелістерді ауыздықтау, жол-көлік оқиғасының сызбасын рәсімдеу, еріп жүру және т.б. қоспағанда, автопатрульдеу режимімен жүзеге асырылады. 

Көлікті себепсіз тоқтатуға тыйым салынған. Стационарлық посттарда (және патрульдеу маршруттарында) қызмет көрсету кезінде жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасау және қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу, құрықтау; қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында көлік құралдарын, жүктерді тіркеу және жүргізуші құжаттарын, көліктің жөнелтпе құжаттарын тексеру; көлік апаты орнынан қашып кеткен жүргізушілердің көлік құралдарын іздестіру; жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынған, сондай-ақ, қылмыстық жазаны орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және ұстау; іздеуде жүрген тұлғалар мен олардың көлік құралдарын, сонымен қатар қылмыстық мақсатта қолданылған, қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, есірткілерді заңсыз тасымалдайтын көлік құралдарын анықтау; жүргізушілерден жүру жолында шабуыл жасау фактілері немесе қаупі туралы, түнгі уақытта жол бойында қалған көлік құралының жағдайы туралы сұрастыру; пост аймағында түнгі уақытта тоқтатылған, сондай-ақ, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген апатты жағдайлар, қолайсыз ауа-райы және т.б. кезінде көлік құралдарының жүргізушілеріне қолдау көрсету жүктеледі.

9 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.