Атырау, 26 желтоқсан 22:14
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мүдделердің тоғысуы

2 010 просмотра

- Мен жол-көлік оқиғасының жәбірленуші  тарапынан болдым. Сақтандыру компаниясы маған сақтандыру төлемін жол-көлік оқиғасына  кінәлі адамның сақтандыру полисін  алмағанын және оның автокөлікті сенімхатпен жүргізгендігін сылтау етіп төлеуден бас тартып отыр. ЖКО-на кінәлі адамнан материалдық залалды өтеу  жөніндегі талап арызбен мен азаматтық сотқа шағымдандым. Сот ісі сақтандыру компаниясының  заңгерінің сотқа келмеуі салдарынан үнемі кейінге қалдырылып келеді. Бұл жағдайда маған қандай әрекет жасау керек? Тағы бір айта кететін жағдай, заңгер кінәлінің сақтандыру полисін алмағандығына менің құжаттарым қаралуға дайын болған кезде ғана назар аударды.

 azh.kz сайтынан

Сауалға «Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің заңгері Аслан ЖОЛБОЛОВ жауап береді:

Бұл жерде әңгімеге арқау болып отырған сақтандыру, бәрінен бұрын транспорт құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің сақтандыру полисі. Біздің елімізде сақтандырудың бұл түрі көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңмен реттеледі (одан әрі заң).

- Заңның 7-бабында былай делінген, иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаған жағдайда, көлiк құралын пайдалануға жол берiлмейдi. Көлiк құралын жүргiзетiн адам көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн өзiмен бiрге алып жүруге және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес уәкiлеттiгi бар жол полициясының қызметкерлерiне және көлiктi бақылау органдарының лауазымды тұлғаларына тексеру үшiн оны көрсетуге мiндеттi.

Бұл жағдайға келетін болсақ, заңның 16-бабы, 1 тармағы 1-тармақшасына сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтандырушыға өзi, сақтандыру полисiне енгiзiлген әрбiр сақтандырылушы, көлiк құралы (көлiк құралдары), қосарланған сақтандыру, көлiк құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiру және осы Заңда көзделген тәртiппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға берiлген құқық туралы өтiнiшке енгiзу үшiн қажеттi мәлiметтердi және өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға міндетті. Заңның бұл көрсетілген нормасынан автокөлікті сенімхатпен жүргізетін тұлғаның сақтандыру полисіне оның иесінің міндеті кіретіндігін аңғаруға болады. ЖКО-на кінәлінің сақтандыру полисінде көрсетілмеуін қатерге алатын болсақ, оны сақтандырылған деп есептеуге болмайды. Яғни, осы орын алған нақты жағдайда оның әрекетіне сақтандыру қолданылмайды.

Дегенмен, ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес, қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерi және т.б.), егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.

Зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзiреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.

Осылайша, ЖКО-на кінәлінің  көлік құралын сенімхатпен жүргізгендігін ескерсек, материалдық залалды өтеу міндеті оған да жүктелуі ықтималдығы да бар.      

ҚР Азаматтық Кодексінің  839-бабы және заңның 29-бабында сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан сақтандыру компанияларын босатуға негіз болатын толыққанды тізбесін беріп отыр. Заң шығарушы оған сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының, қажеттi қорғану және аса қажеттi жағдайда жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, сақтандыру жағдайын тудыруға бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана жасалған iс-әрекетiнiң, заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының қасақана жасалған қылмыстар немесе сақтандыру жағдайына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекетiнiң салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы екендігін білдіреді. Сондай-ақ, сақтандыру компаниялары үшін  егер сақтандыру жағдайы жауаптылықта сақтандыру объектiсi болып табылатын тұлғаның кiнәсiнен болса, онда сақтандырушы азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылмайды.

Өз еркiмен сақтандыру шартында және мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмегендiктен, егер сақтандыру жағдайы: ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк зақымданудың әсерi;

 әскери қимылдардың, азамат соғысының, алуан түрлi халық толқуларының, жаппай тәртiп бұзушылықтардың немесе ереуiлдердiң салдарынан басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.

Заңның 29-бабында сақтандыру компаниясы  сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерiбойынша сақтандыру төлемдерінен бас тартуға құқылы емес екендігі қарастырылған. Сондықтан да ЖКО-на кінәлінің сақтандыру полисіне енгізілмеуі сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Сол себепті, сақтандыру компаниясынан келтірілген зиянды өндіріп алу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. 

13 маусым 2012, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.