Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Нарықтық қатынастар

2 267 просмотра

- Бүгінгі күні мен өз атымдағы тұрғын үйге жатпайтын нысанды 11 айға жалға алуға ұсыныс білдірген алматылық компаниямен келіссөз жүргізудемін. Жалға алу сомасымен келісімге келдік. Білейін дегенім, жалға беру келісім-шартында көрсетілуі тиісті басқа қандай маңызды шаралар бар? Бұл салада менің тәжірибем жоқ. Сондықтан да алдын-ала сақтанғым келеді. Компания тіркеуден Алматыда өткен, Атырауда олардың ешқандай мүлкі жоқ. Олардың тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда қай сотқа шағымдануым керек?

Темірлан

Сауалға  адвокат Бибігүл ТАУПИХОВА жауап береді:

- Жалға тұрғын үйге жатпайтын нысандар берілген кезде нысанды көрсету барысында мынадай сипаттары жазылуы тиіс: ғимараттың орналасқан мекен-жайы (нақты мекен-жайы), бөлмелердің нөмірлері мен орналасуы көрсетілген ғимараттың қабатты жоспары, жалға берілетін орынның алаңы, ғимараттың техникалық жағдайы, жылумен, сумен, күзетпен  қамтылуы. Сондай-ақ, келісім-шартта жалға берілетін нысанға құқық беретін құжаттар көрсетілуі тиіс. Нысан туралы барлық қажетті деген мәліметтер жалға беру жөніндегі келісім-шартта немесе жалға алушыға мүлікті беру кезінде жасалатын басқа да жеке құжаттарда келтірілуі керек және ол келісім-шарттың ажырамас бір бөлігі болып табылады, мәселен, қабылдау-беру актісінде көрсетіледі. Нысанды беру барысында тек мүлікті ғана сипаттап қоймай, келісім-шартта (қабылдау-беру актісі) оның техникалық жағдайы (ақаулығының бар екендігі және басқа да кемшіліктері) көрсетілуі қажет. Егер жалға беру келісім-шартында нысан туралы толық мәлімет болмаса, онда ҚР АК 542-бабына сәйкес, жалға беру келісім-шарты жасалмаған деп есептеледі. Жалға беру келісім-шартында міндетті түрде келісім-шарт орындалатын орын көрсетілуі тиіс. Жалға берілетін нысан Атырауда орналасқандықтан келісім-шартты орындау орнын көрсетуге қатысты проблема туындамайды. ҚР АК 32-бабы, 6-тармағында орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар да шарттың орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін деп қарастырылған. Демек, бұл жалға алушының тарапынан алған міндеттемелері орындалмаған жағдайда сіз жергілікті (бұл жағдайда  атыраулық сотқа) мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арызыңызды бере аласыз.

14 қараша 2012, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.