Атырау, 20 сәуір 06:39
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Кешіктіру себеп емес

2 027 просмотра

–  2009 жылы мен жүктілігіме байланысты демалысқа шықтым. Бала күту демалысында болғанымда тағы да жүкті болдым. Осыған байланысты мен ақысыз еңбекке жарамсыздық бетшесін рәсімдедім, жұмыс беруші оған қолын қойды. Одан кейін мен баланың жасы 3-ке келгенше бала күту бойынша ақысыз демалыс беру жөнінде арыз жазғанымда күнді шатастырып, оны жарамсыздық бетшесінің мерзімі  аяқталғаннан кейінгі 10 күннен соң  жазыппын. Жұмыс беруші осыны пайдаланып мені жұмыстан шығара ала ма?

Телефон арқылы

Сауалға Атырау облысы бойынша еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің мемлекеттік инспекторы Гүлшат ТӨРЕБАЕВА жауап береді:

– Әдетте, мұндай үдерістер кадрлар бөлімінде бақылауда болады. Олардың өздері қызметкерлердің жұмысқа шығатындығын немесе бала күтіміне байланысты демалысқа кететінін сұрап, соған орай арыз жазудың қажеттілігін еске салады. Бұл жағдайда әйелге  жұмыстан шығарады деп қорықпаса болады, өйткені, ҚР Еңбек кодексінде еңбек шартын бұзу бойынша жұмыс берушінің құқығын шектейтін баптар бар. Ішінара 17-тарау отбасылық міндеттемелері бар әйелдердің және басқа тұлғалардың еңбегін реттеу ерекшеліктеріне арналған. 185-баптың 1-тармағында жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1), 3) - 18) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді. Өз кезегінде 54-бап, 1-тармағында қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша: жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған; 3-тармақ - біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 18-тармақ - қызметкер сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлыққа жататын құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. Арызды өз уақытында бермеу келтірілген тармақтардың бірде-біріне келмейді.

5 желтоқсан 2012, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.