Атырау, 20 сәуір 14:38
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Көршіден құқай көрсеңіз...

2 445 просмотра

– Жоғарыдағы көршілерімнің пәтерінен су кетіп, үйімді бүлдірді. Өзім зейнеткермін, жөндеуге ақшамыз жоқ, ал көршілеріміз осы жағдайдан кейін менен қашқақтайтын болды. Бәлкім, ПИК көршілерге ықпал етіп немесе үнемі төлеп отыратын «мақсаттық» жарналардың есебінен жөндеу жасатуы тиіс шығар? Мұндай жағдайда заң бойынша қалай әрекет ету керек?

Телефон арқылы

Суға кетірсе, кінәлілерге шауып барамыз, ал олар жоқ болса, ПИК-ке немесе қалалық апаттан құтқару қызметіне қоңырау шаламыз. Сантехниктер кінәлілер келгенше су немесе жылу берілетін шүмекті тоқтата алады. Ал бұл проблема шешілгеннен кейін тигізілген залалды кім төлеуі тиіс деген сұрақ туындайды.

Бұл жағдайда қалай әрекет ету керектігін ПИК Қауымдастығы төрағасының орынбасары Гүлнар САЛИХОВА әңгімелейді:

– Егер су басу себебі көршілердің бейқамдығы салдарынан (шүмекті жабуға ұмытса, қолжуғыш бітеліп қалса, пәтердегі жылу жүйесі жарылып кетсе) болса, төтенше жағдайға кінәлілер оны өз қаржылары есебінен жояды. Мәселен, подъездегі жалпы жылу стоягы жарылып қалса немесе шатырдан су кетсе, жапа шегуші тұрғындар көршілеріне емес, ПИК-ке талап қою керек.

Бастысы –  ПИК қатысуымен су басу туралы акт жасау керек. Егер олар мұның салдарын ерікті түрде жоймаса, бұл кінәлілерден ақша талап ету үшін және сотқа шағымдану үшін кепіл бола алады. Бұл құжатта зиян сомасы көрсетілмейді, акт бар болғаны суға кету фактісін, «А» көршінің «В» көршісін суға кетіргенін баяндайды. Актіге тараптар қолдарын қояды. Осымен ПИК миссиясы аяқталады, өйткені меншік иелерінің кооперативі жапа шеккен пәтерді мақсаттық деп аталатын қордан жөндеуге міндетті емес. Бұл апатқа кінәлілердің міндеті.

Актіні алғаннан кейін сіз зиянды өздігіңізбен бағалап, көршілерге есебін ұсына аласыз. Егер олар сіздің пікіріңізбен келіспейтін болса, кәсіби мамандарға зиянды бағалауға тапсырыс бере аласыз. Бағалау компаниясы қызметкерлерінің бірінің айтуынша, бағалау залал келтірілген алаң мен суға кеткенге дейін қолданылған материалдарға байланысты болады.

Егер бұдан да ештеңе шықпаса, сотқа жүгіну керек.

Айтпақшы, сотқа жүгінуге болатын мерзім ұзақтығы – үш жыл.

5 қыркүйек 2012, 21:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.