Атырау, 9 қараша 21:02
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Ересектерге арналған есеп

2 594 просмотра

– Менде өз қызымды асырап алуға қатысты проблемалар туындады. Жағдай былай: әйеліміз екеуміз ажырасқанбыз, сот шешімімен баланы анасының қамқорлығына қалдырды. Бірақ іс жүзінде қызым менімен бірге тұрады. 2011 жылы анасы қызынан бас тартатындығы және менің асырап алуыма келісімін беретіндігі туралы қолхат жазған еді. Қолхат нотариалды түрде расталған. Сол жылы мен қалалық білім беру бөлімінің қамқоршылық органдарына арызбен шықтым. Ол жердегілер әкімдіктен комиссия жіберуге уәде берді. Содан бері ешкім келген жоқ. Мен бірнеше рет оларға хабарласқан едім, маған «күтіңіз» дейді.

Телефон арқылы

Сұраққа «Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА түсінік берді:

– Егер баланың туу туралы куәлігінде ол адам әкесі деп жазылса, өз қызын асырап алудың қажеті қанша? Ол онсыз да өзінің қызы. Егер баланың құжат бойынша өзімен бірге тұрғанын қаласа, онда сотқа баланың мекен-жайын өзгерту туралы талап-арыз беру керек. Бірақ ең алдымен қалалық білім беру бөлімінің қамқоршылық органдарына баланың іс жүзінде әкесімен бірге тұратыны және оған бауыр басқаны, баланың тәрбиесімен әкесінің айналысатыны және т.б. туралы арыз жазу керек. Қамқоршылық органдары іс жүзінде осы рас па, баланың қалыпты дамуына тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы сай келе ме, соған көз жеткізуі керек. Осыдан кейін ол баланың мекен-жайын заңды түрде өзгерту туралы арыз бере алады. Бұл жағдайда оның бұрынғы жұбайы жауапкер болады. Бүкіл фактілер мен дәлелдерді ескере отырып, сот тиісті шешім қабылдайды.

18 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.