- Інім бір жерде көлік жүргізушісі қызметін атқарып жүрді. Былтыр жұмыс іздеп жүргенде, шетелдік мекемелердің біріне түйіндемесін жіберген еді. Енді сол мекеме оны жұмысқа шақырған соң, құжатын жинап, бұрынғы жұмысынан шығып, шақырған жерге келеді. Сөйтсе, ондағылар алмайтын болдық деп, оны кері қайтарған. Бұл жағдайда шетелдік мекемені сотқа беруге бола ма?
Гүлжан Есенгелдиева
Заңгер Рысты ҚАЛИЕВА:
- Жұмысқа алмау себебі болу керек, егерде негізсіз жұмысқа қабылдамаған болса, жазбаша түрде арызданып, ініңіз сол мекеменің басшысынан жауап алған болса, онда еңбекті қадағалау органына немесе прокуратураға шағымдануына болады. Ал егер қолында жұмысқа алынғаны және келесі күні жұмысқа алмай қойғандығын растайтын құжаты болса, сондай-ақ, сотта дәлел бола алатындай қағаздары, айталық жолдамасы болса, сотқа жүгінуге болар еді.