Атырау, 11 желтоқсан 22:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Салықтар тыныштық пен ашықтықты ұнатады

2 938 просмотра

- Жақын арада шетелде мұнай компаниясына жұмысқа тұрған едім. Келісімшарт бойынша қызметкер өз елінің бүкіл салығын өзі төлейді, компания тек жергілікті салықтарды ғана төлейді. Егер мен шетелде жұмыс жасасам, Қазақстандағы (табыс, зейнетақы) салықтарды төлеуге тиіспін бе? Егер тиіс болсам, қандай салықтар және табыстың қанша пайызы? Менің қорға зейнетақы жарналарын аудармауыма бола ма? Өйткені мен бұл жүйеге сенбеймін.

azh.kz сайтынан

Сұраққа Атырау қаласы бойынша Салық басқармасының резидент емес тұлғаларды, жер қойнауын пайдаланушылар мен ірі салық төлеушілерді әкімшіліктендіру бөлімінің басшысы Эльмира СИСЕНОВА жауап берді:

- 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (әрі қарай – ҚР Салық кодексі) (03.07.2013 жылғы өзгерістермен және толықтырулармен) 177-бабына сәйкес, төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға мынадай табыс түрлері жатады:

1) мүліктік табыс;

2) дара кәсіпкердің табысы;

3) жеке нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табысы;

4) басқа да табыстар.

ҚР Салық кодексінің 188-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстар басқа да табыстарға жатады және салықтар төлеуге тиесілі.

ҚР Салық кодексінің 178-бабының негізінде төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі үшін осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді. ҚР Салық кодексінің 158-бабының 1-тармағында салық төлеушiнiң табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады деп белгіленген.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстан жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес анықталады. Яғни, 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.

Осылайша, басқа табыстар, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерден табыстар алатын жеке тұлғалар

жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.0 формасы) есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Бұл - ҚР Салық кодексінің жалпы талаптарына қатысты нәрселер. Алайда, әрине, резидент емес тұлғаларға қатысты әр жағдайды жеке алып қарау керек, сондықтан оқырманның бізге, Салық басқармасына тікелей хабарласқаны жақсы болар еді.

Зейнетақы жарналарына келер болсақ, онда Заң бойынша, оның жұмыс берушісі ҚР резиденті болып табылмайтындықтан, оның жарналар аударуға құқығы жоқ.

17 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.