Атырау, 27 желтоқсан 00:03
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Есірткіге жол жоқ!

3 143 просмотра

– Өткен жылдың аяғында облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері облыстағы мейрамханалар мен түнгі клубтарға жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұндай шаралардың мақсаты – есірткіні пайдаланатын немесе сатумен айналысатын тұлғаларды анықтау. Операция айқай-шумен, автоматтармен, «Бүркіт» арнайы жасағы қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Жастар ұсталып, оларға қатысты қылмыстық істер қозғалды. Бірақ күдіктілер ұсталған орындардың әкімшілігіне қатысты да істер қозғалды. Мейрамхана әкімшілігінің азаматтарға тінту жүргізуге және азаматтардың басқалай құқығын шектеуге қақысы жоқ қой. Сондықтан мейрамхана басшылығының әрекетінде құқық бұзушылық жоқ. Дегенмен де, ІІД істі сот қарауына жібереді. Осы жағдайға түсінік берсеңіздер екен.

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА жауап берді:

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 319-1-бабы бойынша, есірткіні, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізудің және медициналық емес тұрғыда тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау лауазымды адамдарға 50-ден 150-гедейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде бұл әрекет қайталап жасалса, 200-ден 300 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Ойын-сауық мекемелерінің қожайындары білікті күзеттің болуын және ғимараттың іші мен сыртына бейнебақылау құрылғыларын орнатуға көңіл бөлуі тиіс. Өйткені, көбінесе есірткі құралдарын түнгі клубтардың маңында қолданады.

28 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.