Атырау, 27 сәуір 06:20
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ипотеканың азабы

2 313 просмотра

Екінші деңгейлі банктердің бірінің заңгері менің берген сауалыма түсінік берді («Ақ Жайық» » №20, 17. 05. 2012 жыл., «Банктің өз талабы бар»).

Заңгер ипотеканы соттан тыс тәртіп бойынша жүзеге асыру сенімді тұлғалар ұйымдастырған кепілдікке салынған мүліктерге саттық өткізу жолымен жүргізуге болатындығын көрсетіп отыр. Бірақ, ол ипотеканы соттан тыс тәртіп бойынша жүзеге асыруда банк құқығының қалай болатындығын және бұл құқықты олар қандай жағдайларда  қолданатындығын айтып отырған жоқ.

Заемшы (Кепіл беруші) ипотека туралы заңның 6-бабы, 4-тармағына сәйкес, кепілдік алушының құқығы ипотекалық куәліктің берілуімен расталатындығын білуі тиіс. Ипотека туралы заңның 12 - бабы 1-тармағының 2- тармақшасына сәйкес, негiзгi мiндеттеме бойынша орындалу мақсатында кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға құқығын куәландыратын ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.

Егер банкте ипотекалық куәлік болса, онда ипотеканы жүзеге асыруда сот тәртібін қолдану үшін негіз жоқ.

А. Қожағалиев

Екінші деңгейлі банк заңгерлерінің бірі түсінік береді:

Ипотека туралы заңның 6-бабы, 4-тармағына сәйкес, кепiл берушiнiң құқықтары ипотека куәлiгiн беру арқылы расталуы (рәсiмделуi) мүмкiн, яғни, ипотеканы рәсімдеу барысында ипотекалық келісім-шарт жасалып, ипотекалық куәлік беріледі. Осы заңның осы бабының 2-тармағына сәйкес, ипотека шарты ипотеканы тiркеу үшiн негiз болып табылады. Ипотека құқығы ол тiркелген кезден бастап туындайды. Ипотека заемшының банк/кепіл ұстаушы алдындағы міндетін орындауды қамтамасыз ететін кепілдік болып табылады. Заемшы  оны орындамаған немесе тиісті түрде орындалмаған жағдайда кепіл ұстаушы ипотека нысанасын жүзеге асыруда соттан тыс тәртіпті қолданады. Ипотеканы жүзеге асырудың сот тәртібі қандай жағдайларда қолданылады? 

Ипотека туралы заңның 20-бабына сәйкес, Борышкер негiзгi мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiл ұстаушы өз талаптарын ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу, егер бұл заң актiлерiнде немесе ипотека шартында не тараптардың кейiнгi келiсiмiнде көзделген болса, ипотеканы соттан тыс тәртiппен өткiзуге құқылы. Бұл банктің міндеті емес, құқығы. Ипотека туралы заңның берілген нормалары бойынша банк орын алған жағдайларға байланысты ипотеканы жүзеге асырудың тәсілдерін өзі таңдайды. Ипотеканы соттан тыс тәртіп бойынша жүзеге асыруға ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу кепiл ұстаушының құқығы бойынша сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi деп есептейміз.   Кепіл ұстаушы сотқа дейінгі шаралар өткізілгеннен кейін қол қойылған келісімге сәйкес қабылданған міндеттемелер бұзылған жағдайда несие бережағын өндіру жөніндегі талап арызбен сотқа шағымдана алады. Банк сотқа қарызын өтеу талабымен немесе кепілге салынған мүлікті өндіріп беруді талап етуге құқылы. Талап арыздарды қарау барысында аймақта орын алған сот тәжірибесіндегі мына жайтты тілге тиек етуге болады. Бұл жерде банк кепілге салынған мүлікті өндіріп беруді сұрайды, сот болса ипотека нысаны Заемшы/Кепіл берушінің жалғыз баспанасы болып табылатындығына сілтеме жасап, бас тартып отыр. Сондықтан да банк өз құқығын соттан тыс тәртіп бойынша жүзеге асырмақ. Банк соттан тыс тәртіп бойынша саттық өткізу барысында барлық заң шараларын сақтай отырып, қолданыстағы заңнамалар негізінде әрекет етеді.

13 маусым 2012, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.