Атырау, 26 сәуір 13:02
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Есеп бұзылды

1 767 просмотра

- Біз үшін газға ақша төлеу үлкен мәселеге айналды. Біз бұрын ақшаны ХҚО-ның Балықшы бөліміне барып төлейтін едік, бірақ бұл жолы кассирді түстен кейін күттік, ол келмеді. Төлемді Қазпошта да алмай, бізді Алмагүл ықшам ауданына жіберді. Ал онда тұрған кезектің шеті жоқ. Не істеуге болады?

Зейнеткерлер

Сұраққа «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының маркетинг және өткізу жөніндегі директорының орынбасары Мақсот ӘБУОВ жауап берді:

- 1 қаңтардан бастап газ жеткізу түбіртектерін БТА, Цесна, АльянсБанк, Халық банкілерінің есептесу-кассалық бөлімшелерінде төлеуге болады. 15 қаңтардан кейін төлемдерді «Қазкоммерцбанк» те алатын болады. Жылжымалы кассалардың жұмыс кестесін естеріңізге салайын: Балықшыда әр бейсенбі мен жұмада ХҚО бөлімшесінде 9.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 12.00-ден 13.00-ге дейін). Геологта касса әр дүйсенбіде, Жұмыскерде әр сәрсенбіде, ал Томарлыда әр сейсенбі сайын село әкімдігі ғимаратында касса жұмыс жасайды.

9 қаңтар 2013, 18:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.