Атырау, 16 сәуір 13:45
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Алдымен төлемнен құтыл

1 294 просмотра

– Мен бас кеңсесі Ресейде орналасқан Атыраудағы фирмаға басшылық еткен едім. Жақында келісімшарт мерзімі аяқталып, жұмыстан босадым. Жұмыс кезінде есепші дер кезінде есептеме тапсырмағандықтан фирмаға және маған айыппұл салынды. Мен өз айыппұлымды төледім. Енді менің бұрынғы жұмыс берушім кәсіпорынға салынған айыппұлды да менің төлеуімді талап етуде. Әйтпесе өткен мерзім үшін еңбекақымды және пайдаланылмаған еңбек демалысымның өтемақысын төлемейміз деп қоқан-лоққы көрсетіп отыр.  Бірақ айыппұл директорға емес, кәсіпорынға салынды ғой. Осы дұрыс па?

Телефон арқылы

Сұраққа адвокат Гүлсім САБЫРОВА жауап берді:

– Фирманың ресейлік екеніне қарамастан, біздің еліміздің аумағында ол қазақстандық заңнама бойынша жұмыс жасауы тиіс. Ал ҚР Еңбек кодексінде барлық жұмысшылармен есеп-айырысулар ол жұмыстан босатылғаннан кейін және келісімшарт қатынастарының мерзімі өткеннен соң 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Әрі қарай жұмыс беруші мен жұмысшының талаптары келіссөздер арқылы немесе сот тәртібімен шешіледі. Бұл жағдайда, егер жұмыс берушінің бұрынғы қызметкеріне қандай да болмасын талабы бар болса, онда оны азаматтық тәртіппен сотқа беруге құқылы. Әдетте мұндай жағдай туындаса (айыппұлдың салынуы),  жұмыс беруші жұмысшысынан – мұндай жағдайға неге жол бергені, қалай болғаны және т.б. туралы түсініктеме талап етеді. Бұдан басқа ол өз талабының бұрынғы қызметкеріне негізді екенін: кәсіпорынға айыппұлдың салынуына жұмысшысының кінәсі бар екенін, оның лауазымдық нұсқаунамада жазылған өз міндеттемесін орындамағанын және т.б. дәлелдеуі тиіс. Ал бұрынғы қызметкеріне тиесілі ақшадан оның келісімінсіз біржақты тәртіппен айыппұл сомасын ұстап қалуға кәсіпорынның құқығы жоқ.

7 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.