Атырау, 29 желтоқсан 14:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Парызыңды ұмытпа!

1 960 просмотра

– Біз ұлым екеуміз марқұм күйеуімнен қалған пәтерге тіркелгенбіз. Пәтер қожайыны – менмін. Ұлым жұмыс жасайды, бірақ пәтер төлемақысын төлемейді. Ұлымды пәтерден есептен шығаруға құқылымын ба және зейнеткерлік жасқа жетпесем де, ол маған көмектесуге міндетті ме?

Телефон арқылы

Сұраққа адвокат Гүлсім САБЫРОВА жауап берді:

– Мүлік қожайыны өз ұлын пәтерден оның келісімінсіз шығара алады. Оған Халыққа қызмет көрсету орталығына тиісті өтініш жазып, жылжымайтын мүліктің толыққанды қожайыны өзі екенін растайтын құжаттарды тіркесе жеткілікті. Ол сонымен қатар кәмелетке толған ұлынан асырап-бағуды талап етуге құқылы («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің «Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» деп аталатын 5-бөлімінің «Ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері» деген 19-тарауының «Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттері» деген 145-бабының 1-тармағында «Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті» делінген). Бұл әйелдің жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде есепте болуы, жұмыс іздеп, таба алмай жүргені - соттың ұлын оны асырап-бағуға міндеттеуіне әділ себеп. Алимент төлеу туралы келісім болмаса, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.

28 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.