Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Атамның атын алсам деймін

2 156 просмотра

– Ата-анам менің тегімді бабамның атына жаздырған. Қазір мен оны атамның атына ауыстырғым келеді. Атырау АХАТ бөлімінде маған атамның әкесінің аты көрсетілмегендіктен ауыстырып беруден бас тартты. Бұл ауыстырмауға себеп бола ала ма?

Р.Балмағамбетов

Сауалға ҚР Әділет министрлігі құқықтық ақпараттық қызметінен түсінік алдық:

– Қазақстан Республикасы азаматтарының тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертуiне олар он алты жасқа толғаннан кейiн рұқсат берiледi. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi және оны тiркеудi арыз берушiнiң тұрғылықты жерiндегi азаматтық хал актiлерiн жазу органдары жүргiзедi. Ұлттық дәстүрге байланысты әкесінің немесе атасының атын тегіне жаздырту тегін ауыстыруға арналған дәлелді себептер болып табылады және бұл туралы ҚР «Неке және отбасы туралы» заңда айтылған. Бұл жағдайда АХАТ бөлімінің құжатта өтініш берушінің әкесінің аты көрсетілмеген деген негізге сүйеніп бас тартып отырғандығы түсініксіз болып оыр. Бұл жерде оның ешқандай да рөлі жоқ, өйткені, өтініш беруші өз атасының атын алып отыр. Өтініш беруші қазір АХАТ бөліміне тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуден бас тартудың  дәлелді себебін талап еткен өтініш жолдауы тиіс. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертуден бас тарту жөнiнде сотқа заңда белгiленген мерзiмде шағым жасалуы мүмкiн.

5 желтоқсан 2012, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.