Атырау, 27 шілде 04:54
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Заңдағы мүлік

1 927 просмотра

– Мен - Ресей азаматымын. Әкем - Қазақстан азаматы, қайтыс болғаннан кейін пәтері маған мұраға қалды. Оны сыйға бергім келген, бірақ маған Ресей азаматы болғандықтан, Қазақстан азаматына мүлікті сыйлай алмайтындығымды, оны тек сата алатынымды айтты. Осы рас па?

Телефон арқылы

Сұраққа нотариус Ақбөбек АЛТЫНБЕКОВА жауап берді:

– Азаматтық құқықта мүлікке иелік ету, пайдалану және билік етуге қатысты бірқатар шектеулер бар. Заң бойынша Қазақстандағы мүлік шетел азаматына егер оның мекендеу қағазы болған жағдайда ғана тиесілі бола алады. Бұл жағдайда Ресей азаматы мұраны қабылдауға міндетті, алайда бір жыл ішінде меншігінен шығаруы тиіс.

ҚР Азаматтық кодексінің «Заң құжаттарына сәйкес өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiкке адамның меншiк құқығының тоқтатылуы» деген 252-бабына сәйкес, егер заң құжаттарымен жол берiлетiн негiздер бойынша заң құжаттарына сәйкес адамның өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк оның меншiгiнде болып шықса, бұл мүлiктi меншiк иесi, егер заң құжаттарында өзге мерзiмдер белгiленбесе, осы мүлiкке меншiк құқығы пайда болған кезден бастап бiр жыл iшiнде иелiктен айыруға тиiс. Егер меншiк иесi мүлiктi көрсетiлген мерзiмде иелiктен айырмаса, ол сот шешiмiмен иелiктен ықтиярсыз айырылуға тиiс, бұл орайда меншiк иесiне мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi шығындары шегерiлiп, оның құны өтеледi. Сізге мүлікті сатқан жөн. Сыйға тартуға қатысты түрлі құқықтық қайшылықтар туындауы мүмкін.

2 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.