- Жыл басында бізге, яғни, «Жедел жәрдем» қызметкерлеріне штаттың көбейетіндігін хабарлаған еді. Алайда, жарты жыл уақыт өтсе де жаңа бригада құрылған жоқ. Штат қашан көбейетін болады?
Жедел медициналық қызмет қызметкерлері
Қалалық «Жедел медициналық қызмет көрсету» стансасының бас дәрігері Мақсот ЕСЕЕВТІҢ айтуынша, шынында да бригадалардың санын арттыру жоспарда бар көрінеді. Бұл мәселе облыстық денсаулық сақтау басқармасында қаралып жатыр және осы жылдың 3-4-ші тоқсанында жүзеге асыруды көздеп отыр. Әзірге жедел жәрдем стансасына декреттік демалысқа кеткен қызметкерлердің орнына жергілікті медициналық колледжінің 7 түлегін қабылдаған.