Атырау, 27 шілде 06:01
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Еңбек етпесең, елге өкпелеме

3 656 просмотра

– Менің жұмыссыз жүргеніме бір жылдан асты. Өткен жылы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барғанымда маған осында есепке тұруым керектігін және кейін мені қандай да болмасын бір мамандыққа оқытатындықтарын айтқан еді. 2011 жылдың 11 наурызында мен жұмыссыз ретінде халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) барып (тіркелген нөмірім 02116712) тіркелдім. Бірақ, маған бүгінгі күнге дейін жұмыс не қайта оқыту жөнінде бірде-бір ұсыныс келіп түскен жоқ. Бәлкім, менің деректерім жоғалып кеткен болар? Оны қалай тексеруге болады?

Салауат Әндіров

Сауалға Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы бастығының орынбасары Серік САПАНОВ жауап береді: 

– Сіз тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру органына жолығуыңыз керек. Онда сізге мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:

– бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;

– қайта дайындау және біліктілікті арттыру;

– қоғамдық жұмыстарға  және әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама беру.

Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту туралы заңның 16-бабы, 1-тармағына сәйкес, уәкiлеттi орган жұмыссызды мынадай жағдайларда: лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда; уәкiлеттi орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;
шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн екi жұмыс күнi ішінде дәлелсiз себептермен уәкiлеттi органға келмегенде; жұмыссыз уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда; жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 6-тармағында көзделген уәкiлеттi органға келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда; жұмыссыз басқа жерге көшкенде; жұмысқа орналасқан немесе осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыссыз адам жұмыспен қамтылған деп танылғанда; жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда есептен шығарады.

Осы баптың 1-тармағының 1-6 тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана уәкiлеттi органда қайтадан тiркеле алады.

Бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметтермен сіз облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының www.atyrau.gov.kz/zhumys/ru/ немесе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  www.enbek.gov.kz сайттарынан  таныса аласыздар.

Сұрақтар бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 45-04-73, 45-53-21.

24 қазан 2012, 22:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.