Атырау, 20 сәуір 21:19
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ақша бірдей жұмсалса, мүлік те ортақ

2 684 просмотра

– Күйеуіммен ажырасқым келеді. Біздің екі баламыз бар. Біздер тұрып келген үй күйеуімнің атында, ол бұл үйді менімен некеге тұрғанға дейін алған еді. Бүгінгі күні маған балаларыммен бірге тұратын жер жоқ. Пәтер жалдап жүрмін. Маған бұл үйден үлес тиесілі ме, өйткені 7 жыл бойына бірге тұрған уақытта біз үйдің екінші қабатын салып бітірдік, газ жүргіздік, мен жөндеу жұмыстары үшін несие алдым.

Телефон арқылы

 – Иә, сіздің үйдің бір бөлігін алуға құқыңыз бар, өйткені, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 36-бабына сәйкес, егер некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе ерлі-зайыптылардың бірінің мүлкi не олардың кез-келгенiнiң еңбегi есебiнен осы мүлiктiң құнын едәуiр арттырған салыным жасалғаны (күрделi жөндеу, реконструкциялау, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып танылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша екеуіне бөлiнуi мүмкiн. Олардың ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариатта куәландырылуғатиіс (неке жөніндегі кодекстің 37-бабы, 2-тармағы). Егер сіз бұл мәселеде келісімге қол жеткізе алмасаңыз, онда бөлісу ерлі-зайыптылардың бірінің арызы бойынша сот тәртібімен жүргізілетін болады, - дейді заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА.

19 қыркүйек 2012, 22:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.