Атырау, 9 желтоқсан 21:07
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Электронды ажырасу

10 830 просмотра

- Біз жұбайым екеуміз Тараздың тумасымыз, сол жерде үйлендік. Қазір әйелім Алматыда жұмыс жасайды, ал мен жұмысыма байланысты уақытша Атырауда тұрып жатырмын. Екеуміз де Таразда тіркелгенбіз. Отбасылық өміріміз үйлеспеді және мен ажырасуға арыз берейін деп едім. Балаларымыз да, бөлісетін мүлігіміз де жоқ. Ажырасу туралы арызды қайда жазам? Мұны Атыраудан жасай беруге бола ма, әлде Таразға баруым керек пе?

Д. К.

ҚР Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттандыру қызметі келесілерді түсіндірді:

- Егер ерлі-зайыпты адамдардың балалары және бөлісетін мүліктері жоқ болса, олар АХАТ-қа ажырасу туралы арыз бере алады. Алайда, бұл жағдайда олар өз некелерін тіркеткен Тараз қаласының АХАТ бөліміне хабарласулары керек және арыз берерде екі жақ та қатысуы қажет. Сондай-ақ, азамат сот арқылы да ажыраса алады, бірақ бұл жағдайда арызды жауап берушінің тұрып жатқан жері бойынша, яғни Алматы сотына жазуы керек.

Ал электронды үкімет порталының call-орталығында егер ерлі-зайыптылардың балалары болмаса және бір-біріне мүліктік талаптары жоқ болса, олар тұрған жерлеріне қарамастан портал арқылы арыз бере алады деп түсіндірді.

- Бұл үшін ХҚКО-дан электронды сандық қол алу керек. Электронды үкімет порталына тіркеліп, мемлекеттік алымды төлеуі керек. Әр жақ өз тарапынан некені бұзуға электронды арыздар нысанын толтыруы қажет. Арыз берілгеннен кейін олар арыздың қабылданғаны жөнінде хабарлама алады. Кейіннен белгілі уақыттардан кейін ажырасқандары жөнінде немесе түрлі себептермен некені бұзуға бас тартылғандығы жөнінде тағы бір хабарлама алады.

Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА

13 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.