Атырау, 21 желтоқсан 16:53
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық жаңалық

Экобелсенді Шынар Ізтелеуова: «Біз калий тұздарын шахталық әдіспен өндіруге қарсымыз!» Атырауда

Экобелсенді Шынар Ізтелеуова: «Біз калий тұздарын шахталық әдіспен өндіруге қарсымыз!»

Батыс Қазақстан облысында Индербор кентіне жақын жерде шахталық әдіспен калий тұздарын өндіру жоспарлануда. Бұл туралы жақында Атырауда өткен Мәжілістің экология мәселелері және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында белгілі болды. 17 қазан 2023, 14:33 1 066 рет қаралды
​Әуежай жалға беру ақысын қалаған мөлшерде белгілейді ме? Атырауда

​Әуежай жалға беру ақысын қалаған мөлшерде белгілейді ме?

ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ҚР заңнамасын бұзу фактілерін растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді анықтау мақсатында «АТМА – «Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-на қатысты тексеру жүргізіп жатыр. 16 қазан 2023, 09:20 699 рет қаралды
«Атырауинжстройдың» еншілес кәсіпорны банкротқа ұшырады Атырауда

«Атырауинжстройдың» еншілес кәсіпорны банкротқа ұшырады

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен «Атырауинжстрой» сауда үйі» ЖШС банкрот деп танылды. ЖШС мемлекетке салығы бойынша 553 млн 370 мың 640 теңге қарыз болып қалды. Сот оның төлем қабілетсіздігін банкроттыққа негіз болады деп санады. Тарату рәсімінің ұзақтығы - 9 ай. 15 қазан 2023, 17:07 878 рет қаралды
"Ақтөбенің газында сасыған иіс бар" Атырауда

"Ақтөбенің газында сасыған иіс бар"

Атырауда автогаз тапшылығынан сұйытылған газ құю бекеттерінде кезек әлі де бар. Тұрғындар тарапынан газдың иісіне шағым көбейді. Бірнеше көлік жүргізушілері “Ақтөбеден тасылып жатқан газдың сасық& иісі бар” деген пікір айтты. 13 қазан 2023, 09:32 1 075 рет қаралды
Самал ықшамауданының тұрғындары "алданып қалдық" дейді Атырауда

Самал ықшамауданының тұрғындары "алданып қалдық" дейді

Самал ықшамауданындағы кейбір көшелердің тұрғындары жолдың нашарлығынан зардап шегуде. Жергілікті волонтер-блогер Нұрлан ЖУНАСОВ әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындармен бірге видеоүндеу жариялады. Олар көшеге уақытша асфальт төсеуге уәде етіп, алайда уәдесін орындамаған қала әкімдігіне ренішті. 13 қазан 2023, 12:21 1 236 рет қаралды
Хиджаб әлде мектеп пе? - мәселе осында Атырауда

Хиджаб әлде мектеп пе? - мәселе осында

11 қазанда Құлсары қаласының тұрғыны Мейрамбай ТАҒАШЕВ әлеуметтік желіде қызын хиджаб кигені үшін мектепке кіргізбей жатқан видеоны жариялады. Біз оған хабарласып, мән-жайды анықтап көрдік. Оның айтуынша, қызын мектепке кіргізбеген. Ал 10 қазанда оқу-ағарту министрі Ғани БИСЕМБАЕВ журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, бүгінде Қазақстанда хиджаб киюге байланысты мектепте оқи алмау мәселесі жоқ деп сендірді. 12 қазан 2023, 09:37 613 рет қаралды
«Біріншіден, біз бұл жерге қалай сыямыз?»: белсенділер тыңдауларға қатысудан бас тартты Атырауда

«Біріншіден, біз бұл жерге қалай сыямыз?»: белсенділер тыңдауларға қатысудан бас тартты

11 қазанда «Petro Export» ЖШС қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөнінде қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарланған болатын. Алайда олар өтпей қалды. Атырау тұрғындары, оның ішінде белсенділер мен облыстық мәслихаттың бірқатар депутаттары шараның ұйымдастырылуына наразы болып, қатысушыларды тіркеу парағына қол қою арқылы оның өтпеді деп тану туралы дауыс берді. Қол қойған 33 адамның екеуі ғана қарсы болмаған. 12 қазан 2023, 13:14 935 рет қаралды
«Қазақ ұлттық қыздар мектебінің» мысалы басқаларға сабақ болуы тиіс Атырауда

«Қазақ ұлттық қыздар мектебінің» мысалы басқаларға сабақ болуы тиіс

11 қазанда ҚР оқу ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Атыраудағы жекеменшік мектептің жабылуына қатысты пікір білдірді. Нақты қай мектеп екені нақтыланбайды, бірақ лицензиясы болмағандықтан оқу орнының қызметі тоқтатылғаны хабарланды. 12 қазан 2023, 15:45 1 270 рет қаралды
Жыр болған хикая: тағы да автогаз мәселесі Атырауда

Жыр болған хикая: тағы да автогаз мәселесі

Көліктердің газ мәселесі шешілгендей болған еді, бірақ соңғы күндері Атыраудағы жанармай құю бекеттерінде тағы да ұзын-сонар кезек пайда болды. Сондықтан Энергетика министрлігі Атырау облысына қосымша 750 тонна көлем бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 10 қазанда ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 11 қазан 2023, 10:48 1 198 рет қаралды
Соттың АМӨЗ-ге айыппұл салу туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды Мұнай және газ

Соттың АМӨЗ-ге айыппұл салу туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды

Бүгін, 9 қазанда Экология департаменті облыстық соттың Атырау мұнай өңдеу зауытына 12 миллион 14 мың 550 теңге көлемінде айыппұл салу туралы бұрынғы сот шешімін өзгеріссіз қалдырғанын хабарлады. 10 қазан 2023, 01:08 972 рет қаралды
Блогерге қатысты облыстық балалар ауруханасы: қылмыстық іс қозғалды Атырауда

Блогерге қатысты облыстық балалар ауруханасы: қылмыстық іс қозғалды

Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ жергілікті блогер Рүстем БАЯЗИЕВТІҢ үстінен полицияға арыз түсірді. Ол өз арызында блогердің балалар ауруханасының дәрігерлері туралы әдейі жалған ақпарат таратқанын алға тартады. Алайда Рүстем Баязиев көмек көрсетілмей жатқанына және дәрігерлердің салғырттығына байланысты бірнеше ананың шағымданғанын, содан кейін жағдайды анықтау үшін ауруханаға барғанын айтады. 9 қазан 2023, 12:00 1 070 рет қаралды
Есірткі сатушы туралы хабарлап, кейін өкініп қалды Атырауда

Есірткі сатушы туралы хабарлап, кейін өкініп қалды

3 қазан күні кешке Атырау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тінту барысында 60 жастағы қала тұрғынының пәтерінен ерекше иісі бар жасыл өсімдіктер салынған 29 сіріңке қорапшасын, 8 зип-пакет, сондай-ақ сұйықтық құйылған ыдыста сақталған кептірілген көкнәр шөбін тәркіледі. 9 қазан 2023, 12:46 840 рет қаралды
Энергетика министріне: «Атырауда ең болмаса бірнеше күн тұрып көріңізші!». Экология

Энергетика министріне: «Атырауда ең болмаса бірнеше күн тұрып көріңізші!».

Энергетика министрі Алмасадам САТҚАЛИЕВ Атырауға жұмыс сапары барысында мұнай-газ өндіру кезіндегі экологиялық қауіп-қатер, Атырау мұнай өңдеу зауытын қала сыртына көшіру, облыс орталығындағы шығарындылардың түпкі себебі,электр қуатының жиі үзілуі, өнеркәсіптік өндіріске арналған су қоры сынды мәселелерге қызығушылық танытқан жергілікті тұрғындармен кездесті. Жергілікті билікке, атап айтсақ, жиынға модераторлық еткен облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ пен экология департаментіне біраз сын айтылды. Сурет 9 қазан 2023, 14:05 916 рет қаралды
Атырау облысындағы мәдениет және спорт: кемшілік көп болып тұр Спорт

Атырау облысындағы мәдениет және спорт: кемшілік көп болып тұр

2022 жылдың мамырынан бастап «Aрт спорт» жобасы аясында өтінімдерді қабылдау, орындарды бөлу және жеткізушілерден ваучерлер беру процестері негізсіз тоқтатылды. Нәтижесінде пайдаланылмаған 279,9 млн теңге бюджетке қайтарылды. 9 қазан 2023, 16:02 886 рет қаралды
"Аты бар да, заты жоқ" Атырауда

"Аты бар да, заты жоқ"

«Нұрсая-3» ықшамауданының тұрғыны «АЖ»-ға хабарласып, өткен жылы уәде етілген балалар алаңының әлі салынбағанын айтып шағымданған. «Балаларымыз ойнайтын жер жоқ. Балам ойын алаңы бар басқа ауданға көшуімді сұрайды», - деп жазады бір әйел. Қалалық әкімдіктегілер мұның Хиуаз Доспанова атындағы Мұз сарайының артындағы шағын футболға арналған футбол алаңы мен воркаут жайлы екенін айтты. 6 қазан 2023, 16:28 1 115 рет қаралды
Ұстаздық еткен жалықпас Атырауда

Ұстаздық еткен жалықпас

Биыл Қазақстанда ұстаздар күні алғаш рет 5 қазанда тойлануда. Мереке қарсаңында ғажайып бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира ЗИНЕЛҒАБИТОВАМЕН таныстым. Оның оқушылармен қарым-қатынас құру тәсілдерін білгенде, қатты әсерлендім. Сөйтіп осы жан туралы көпшілік білуі тиіс деп ұйғардым. Сурет 5 қазан 2023, 13:26 1 836 рет қаралды
Экология вице-министріне де Атыраудың иісі ұнамады. Әрі қарай не болады? Атырауда

Экология вице-министріне де Атыраудың иісі ұнамады. Әрі қарай не болады?

Неліктен Каспий теңізі мен Жайық өзені апатты түрде таязданып барады, неліктен қала тұрғындарын улап жатқан шығарынды көздері әлі күнге дейін «жұмбақ» күйде қалып отыр? Осы және өзге де мәселелер Атырауда Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында талқыланды. Сурет Бейнежазба 4 қазан 2023, 12:20 1 682 рет қаралды
АМӨЗ жоспарлы жөндеу жұмыстарына тұрды, 10 қарашаға дейін тұрақты жұмыс режиміне көшеді Атырауда

АМӨЗ жоспарлы жөндеу жұмыстарына тұрды, 10 қарашаға дейін тұрақты жұмыс режиміне көшеді

1 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауытында алдын ала жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды. Ол ҚР Энергетика министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі. 10 қарашаға дейін жұмыстарды аяқтап, тұрақты режимге көшу жоспарланып отыр. Бұл туралы Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі хабарлады. 3 қазан 2023, 13:27 1 278 рет қаралды
Сауда министрі Атырауда – нашар болса да қажет ӘКК және Кіші жүздің күші туралы Атырауда

Сауда министрі Атырауда – нашар болса да қажет ӘКК және Кіші жүздің күші туралы

Атырауға жұмыс сапары барысында Сауда және интеграция министрі Арман ШАҚҚАЛИЕВ бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды аралап, одан соң жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу қызу өтті, сөзтартыс болып, бизнес өкілдері тарапынан монополистер, Атырау ӘКК, жергілікті атқарушы органдарға сындар айтылды. Сурет Бейнежазба 3 қазан 2023, 20:49 1 021 рет қаралды
Балық болмаса, шаян аулайды Атырауда

Балық болмаса, шаян аулайды

Жыл басынан бері теңіз шекарашылары табиғи ортаға 367 бекіре, 35363 қара балық, 44 450 шаян, 100 тасбақа және итбалық жіберді. Бұл туралы Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментінің жағалау күзеті дивизионының электрмеханика бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ғамзат БАЙБОСЫНОВ хабарлады. 2 қазан 2023, 08:51 969 рет қаралды
Мемлекеттік органдар әдеттегіше бизнеске есеп берді Атырауда

Мемлекеттік органдар әдеттегіше бизнеске есеп берді

2022 жыл үшін бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінің қорытындысы бойынша Атырау облысы статистикалық және шолу көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша 17 өңірдің арасында алтыншы орынды иеленді. Бұл туралы мемлекет басшысы 2019 жылы енгізген Бақылау және қадағалау органдарының бизнес қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні аясында өткен жиында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет ЖҰМАСЕЙІТОВ мәлім етті. 2 қазан 2023, 13:03 950 рет қаралды
Ресейдің арзан сүті емес, өз өніміміз болуы керек Атырауда

Ресейдің арзан сүті емес, өз өніміміз болуы керек

28 қыркүйекте Сауда және интеграция министрі Арман ШАҚҚАЛИЕВ Атырауға жұмыс сапарымен келді. Ол жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, жеке қабылдау өткізіп, сосын БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Біз отандық тауар өндірушілердің мүддесі шетелдік өндірушілер демпингінен қалай қорғалатынын сұрадық. Бірнеше ай бойы жергілікті сөрелерде ресейлік тауарлардың, атап айтқанда сүт өнімдерінің саны айтарлықтай көбейді. 29 қыркүйек 2023, 21:41 1 202 рет қаралды
Бұл ақша қайда? Атырау облысында орташа жалақы - 573 мың теңге Атырауда

Бұл ақша қайда? Атырау облысында орташа жалақы - 573 мың теңге

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өңірімізде осы жылдың ІІ тоқсанының соңында жұмыссыздар саны 17 103 адамды, ал тамыз айының соңында 18 858 адамды құрады (біз жұмыспен қамту органдарында тіркелгендер туралы айтып отырмыз). Алайда data.egov.kz порталындағы ақпарат сәл басқаша: онда 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыссыздар саны - 19 153 адам. 28 қыркүйек 2023, 10:28 1 250 рет қаралды
Атырауда тұмаудың маусымдық өршуі басталды Атырауда

Атырауда тұмаудың маусымдық өршуі басталды

Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 1 қазаннан бастап жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың эпидемиялық маусымы басталғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, эпидемия 2024 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады. Алайда Атырауда бірнеше күннен бері бұл аурулардың маусымдық өршуі байқалды. 27 қыркүйек 2023, 17:05 1 040 рет қаралды
Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппараты бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды Атырауда

Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппараты бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды

Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппаратының бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды. Бұл туралы "АЖ" сауалы бойынша Атырау облыстық прокуратурасы хабарлады.  26 қыркүйек 2023, 09:35 1 710 рет қаралды
Балықшыда рок-хиттер шырқалды Атырауда

Балықшыда рок-хиттер шырқалды

Балықшыдағы облыстық халық шығармашылығы орталығында Tynda.music жобасы аясында музыканттардың рок-концерті өтті. Олар Алматыдан келді, бұған дейін еліміздің бірнеше өңірін аралап үлгерген. Атыраудан кейін Ақтауға бет алды, одан соң Бакуге, Бішкекке, Ташкентке баруды жоспарлап отыр. 25 қыркүйек 2023, 16:05 761 рет қаралды
Ылғалға төселген асфальт-2: Уәде етілген нәрсе көп Атырауда

Ылғалға төселген асфальт-2: Уәде етілген нәрсе көп

«АЖ» жақында Алмагүл ықшамауданында жаңбырға қарамастан жұмысшылардың асфальт төсеп жатқаны туралы жазған («Ылғалға төселген асфальт») болатын. Енді қала басшылығынан сауалымызға жауап алдық. Айтуларынша, жаңбыр жауа салысымен жұмыс тоқтатылған. 23 қыркүйек 2023, 21:25 743 рет қаралды
 Білім беру басқармасы мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардан айырмашылық көрмеді Атырауда

Білім беру басқармасы мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардан айырмашылық көрмеді

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы» филиалының директоры Гүлхан ӨТЕГЕНОВА жүгінді.  21 қыркүйек 2023, 01:16 704 рет қаралды
Балықшы, аңшы әрі әлем чемпионы Спорт

Балықшы, аңшы әрі әлем чемпионы

Атыраулық 27 жастағы кикбоксер Жандос НАЗАРБЕКОВ ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері атанды. Бұл туралы бүгін Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлады. Назарбеков Атырауда осы атаққа ие болған алғашқы кикбоксер.  20 қыркүйек 2023, 14:18 693 рет қаралды