Атырау, 27 қараша 03:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Балық болмаса, шаян аулайды

763 просмотра

Жыл басынан бері теңіз шекарашылары табиғи ортаға 367 бекіре, 35363 қара балық, 44 450 шаян, 100 тасбақа және итбалық жіберді. Бұл туралы Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментінің жағалау күзеті дивизионының электрмеханика бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ғамзат БАЙБОСЫНОВ хабарлады.

Оның айтуынша, 27 қыркүйекте дивизион қызметкерлері теңізден жалпы ұзындығы 1 750 шақырым болатын браконьерлік ауларды шығарып алып, тәркіледі. Ал жыл басынан бері жалпы ұзындығы 195985 метр ау және 12 490 дана шаян аулау құралы тәркіленді. Аумақтық және ішкі сулар тәртібін бұзғаны үшін 39 адам ұсталды.

– Сақтап қалған залал көлемі 925 млн 244 мың теңгені құрады. Жалпы сомасы 1 млн 179 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды, деді Ғ.Байбосынов. - Заңсыз айналымнан мемлекет меншігіне 745 млн 221 мың 905 теңге қайтарылды.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді ӨКҚ ұсынды

2 қазан 2023, 08:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.