
Қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өңірде «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр.
Бұл кезеңде патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Тәртіп сақшылары көшелердегі қауіпсіздікті қадағалап қана қоймай, қылмыс жиі тіркелетін түнгі клубтар мен мейрамханаларда профилактикалық тексерулер жүргізуде. Рейд кезінде күдікті тұлғалар тексеріліп, жол-көлік оқиғаларын болдырмауға бағытталған шаралар атқарылып жатыр.
Полиция бұл ауқымды жұмыстың басты мақсаты — заңбұзушылықтардың жолын кесу ғана емес, тұрғындар мен қала қонақтары үшін қауіпсіз орта қалыптастыру екенін атап өтті.
Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарына құрметпен қарауға және кез келген құқық бұзушылыққа бейжай қарамауға үндейді.
В Атырау +5.1