Атырау, 9 қараша 15:24
 дождьВ Атырау +5.1
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

«Бәйтерек» пен Kazakh Invest бірігуі: Қазақстанның жаңа инвестициялық стратегиясы

20 рет қаралды
СhatGPT көмегімен жасалған сурет
СhatGPT көмегімен жасалған сурет

Қазақстанда Kazakh Invest ұлттық компаниясы мен «Бәйтерек» холдингін біріктіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Сыртқы істер министрінің айтуынша, қазір елде инвестициялық жүйені қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инвестициялық саясатты қалыптастыруға Ұлттық экономика министрлігі жауап береді, ал шетелдік қатысуы бар жобаларды тарту және сүйемелдеу міндеті Сыртқы істер министрлігіне жүктелген.

«Kazakh Invest ұлттық компаниясын "Бәйтерек" холдингімен біріктіруді жоспарлап отырмыз. Осы жылдар ішінде Kazakh Invest инвесторларды сүйемелдеп, жобаларды іске асырумен айналысты. Алайда шетелдік серіктестермен бірге бұл жобаларға инвестиция сала алмады. Сондықтан "Бәйтерек" ел ішіндегі жобаларды іске асыруға және бірлесіп инвестиция салуға жауапты институтқа айналады», – деп түсіндірді Тілеуберді Қазақстандағы Бразилия елшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Бұл ретте Сыртқы істер министрлігі келіссөздер жүргізу, әлеуетті шетелдік инвесторларды іздеу, оларды Қазақстанға тарту және келісімшарттарға қол қою міндеттерін атқаруды жалғастырады.

Министр Қазақстанның тек қаржылық инвестицияларға ғана мүдделі емес екенін де атап өтті.

«Біз қаржы салымдарымен қатар, түрлі салалардағы технологияларды, ноу-хау мен басқару тәжірибесін де күтеміз. Ұлттық қордан 14 миллиард доллардан астам қаражатты түрлі саладағы жобаларға бағыттаймыз», – деп түйіндеді Мұхтар Тілеуберді.


Бүгін, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.