3 қазан күні кешке Атырау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тінту барысында 60 жастағы қала тұрғынының пәтерінен ерекше иісі бар жасыл өсімдіктер салынған 29 сіріңке қорапшасын, 8 зип-пакет, сондай-ақ сұйықтық құйылған ыдыста сақталған кептірілген көкнәр шөбін тәркіледі.
Бір қырағы азамат бірнеше күн қатарынан көршісінің есірткі дайындап жатқанын көріп, полицияға хабарлаған. Ол тәртіп сақшыларынан өзінің жеке басын және координаттарын құпия сақтауды өтінген.
Бірақ керісінше болып шықты. «Барыгаға» барған кезде полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін арызданушыға екі рет барған. Сөйтіп құқық қорғау органдарына хабарласқан кім екені құпия болмай қалған.
Бәрі ештеңе емес, бірақ күдікті ұсталған соң, оны көп ұзамай үйіне босатып жіберген. Енді арызданушы өзінің және отбасының өмірі үшін қорқып, қатты уайымдап жүр. Оның айтуынша, түрлі адамдар оның көршісінің есігін жиі қағады екен. Шамасы оның «клиенттері» болса керек, яғни, қауіпті адамдар. Сұхбаттасушым көршісі немесе оның «клиенттері» кек алуы мүмкін деп қорқады. Бірде есікті шатастырып, екі адам арызданушының үйіне кіріп кеткен.
Ол егер қылмыскер көршісінің үйіне жіберіп қоятынын білгенде, оның заңсыз әрекеттерін ешқашан полицияға хабарламас едім дейді, өзгелерге де олай жасауға кеңес бермейді. Өйткені, ол бұл бассыздықтың біткенін қалаған, ал енді, оның айтуынша, қазір құпиялық сақталмағандықтан қауіп төніп тұр екен.
«АЖ» полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты. Олар тінту туралы ақпаратты, сондай-ақ күдіктінің әлі бостандықта жүргенін растады: «Тәркіленген заттай айғақтардың сот-медициналық сараптамасының оң нәтижесінен кейін прокуратураның санкциясының негізінде оны қамауға ала аламыз. Сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша бұл азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылады».
Жарияланымнан кейін ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет «АЖ» редакциясына хабарласып, бұл факті туралы анонимді қоңырау хабарламасынан кейін полицияның әрекет еткенін хабарлады. Бұл хабарлама кезекші бөлімнің 102 операторына түспеген және полиция қызметкерлері жедел ақпаратты тексеру барысында анықтаған. Сондай-ақ анықтау, ұстау және тәркілеу кезінде бірнеше көрші тергеу әрекеттеріне қатысуға шақырылғаны анықталды.
Айнұр САПАРОВА
Әлеуметтік желіден алынған суреттер