Атырау, 19 қараша 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Соттың АМӨЗ-ге айыппұл салу туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды

862 просмотра

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бүгін, 9 қазанда Экология департаменті облыстық соттың Атырау мұнай өңдеу зауытына 12 миллион 14 мың 550 теңге көлемінде айыппұл салу туралы бұрынғы сот шешімін өзгеріссіз қалдырғанын хабарлады.

Еске салсақ, 3 шілдеде Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында апат болып, Атырау мұнай өңдеу зауыты тоқтады. Салдарынан Атыраудың бірнеше ықшамауданында электр жарығы сөніп, ауыз су тоқтады.  

- Жоспардан тыс тексеру 3 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 17:25-те зауыттың электр қуатынан ажырап, технологиялық қондырғылары (ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысынан басқа) апатты түрде тоқтағанын, шамамен 17:47-де зауыт электр қуатынан толық ажыратылғанын анықтады. Бұл «ПАЗ» автоматтандырылған авариялық қорғанысының іске қосылуына әкелген. Осыған байланысты алау жүйесіне технологиялық газдардың жағылуы орын алды. Тексеру қорытындысы бойынша департамент «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 3 бөлігімен хаттама толтырып, одан әрі қарау үшін Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Соттың 2023 жылғы 31 тамыздағы қаулысымен «АМӨЗ» ЖШС-не тиісті эмиссия көзінің жұмысына экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтатпай, 12 014 550 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады экология департаменті.

«АМӨЗ» ЖШС бұл шешіммен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірген. Алайда облыстық сот бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. 

Айнұр САПАРОВА

10 қазан 2023, 01:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.