Атырау, 11 желтоқсан 20:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Атырауда тұмаудың маусымдық өршуі басталды

892 просмотра
freepik.com 

Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 1 қазаннан бастап жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың эпидемиялық маусымы басталғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, эпидемия 2024 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады. Алайда Атырауда бірнеше күннен бері бұл аурулардың маусымдық өршуі байқалды.

Өткен жылы осындай эпидмаусымда ЖРВИ-ның 59 709 жағдайы тіркелді, оның ішінде 65 жағдай - тұмаудың зертханалық дәлелденген түрі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнагүл СӘРСЕНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, тұмау инфекциясы жұқтырудан бастап алғашқы белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орта есеппен 2-4 күн).

- Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С-тан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқтағы  геморрагиялық бөртпе болған жағдайда дәрігердің көмегіне жүгіну қажет, - деді А.Сәрсенғалиева. Оның айтуынша, бюджет қаражатына Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 65 000 дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында тұмаудың A /H3N2/, A/H1N1/ және B – штаммдарының (Victoria желісі) антигендері бар.      

Тұмауға қарсы жыл сайынғы маусымдық вакциналау жұмыстары 1 қазаннан бастап барлық облыс емханаларында басталады.  

- Жергілікті бюджет есебінен медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйі, сабилер үйінің балалары, қарттар үйінің контингенті, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жүкті әйелдер тұмауға қарсы вакцинацияланды, - дейді Сәрсенғалиева. 

Анықтама үшін: өткен жылы Атырау облысында ЖРВИ мен тұмауға қарсы 67 111 адам егілді (халық санының 10,1%-ы), оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 65 000 адам егілді, жұмыс берушілер есебінен 2111 адам егілді. 

Айнұр САПАРОВА

27 қыркүйек 2023, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.