
Қазақстан «Дружба» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдауды қалпына келтіруге үміттенеді және Ресей тарапына тиісті сұраныс жіберді. Алайда әзірге РФ-дан ресми жауап келген жоқ. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.
Ведомство басшысының айтуынша, бұл бағыт республика үшін коммерциялық тұрғыдан ең тиімді бағыттардың бірі болып қала береді, ал мұнай айдауды қалпына келтіру тек экономикалық ғана емес, сонымен қатар маңызды техникалық мәнге ие.
«Үмітіміз үзілген жоқ. Осы бағыт бойынша жеткізуді қайта бастауды жоспарлап отырмыз. Ол біз үшін коммерциялық тұрғыдан тиімді. Одан бөлек, "Атырау - Самара" мұнай құбыры үздіксіз жұмыс істеуі үшін жыл сайын мұнай айдаудың ең төменгі көлемін қамтамасыз ету қажет. Бұл қыста өте маңызды. Себебі Қазақстаннан Ресейге дейінгі учаскеде мұнайды жылытуға арналған пеш жоқ», — деп түсіндірді Ерлан Ақкенженов.
Энергетика министрлігі күн суытқан мезгілде шикізатты үзіліссіз айдау құбырды толтырудың ең төменгі көлемін сақтауға тікелей байланысты екенін атап өтті, сондықтан Астана бұл мәселе бойынша Мәскеудің шешімін күтіп отыр.
В Атырау +5.4