Атырау, 10 қараша 18:12
 дождьВ Атырау +4
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

Атырауда түнде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді

108 рет қаралды
Сурет: АЖ архивінен
Сурет: АЖ архивінен

10 қараша күні шамамен түнгі сағат 2:00 шамасында Атырау қаласындағы бір ойын-сауық отауында жастар арасында не себептен екені белгісіз төбелес болған. Жарақат алғандар жоқ.

Болған оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, құқық бұзушылыққа жол берген барлық тұлғалар анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Сондай-ақ полиция қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі ортақ міндет екенін, егер қандай да бір құқық бұзкшылыққа куә болсаңыз немесе соған қатысты ақпаратыңыз болса, бірден құқық қорғау органдарына хабарлауларын сұрайды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.