Атырау, 17 қараша 19:45
 бұлттыВ Атырау +1
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Атыраудағы "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" жабылды

1 524 просмотра

5 қазанда Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы "Қазақ ұлттық қыздар мектебіне" қатысты іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Естеріңізге сала кетсек, 13 шілдеде Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен бұл мектептің жұмысы лицензиясыз жүргізілгені үшін тоқтатылды. Мектеп басшылығы 14 тамызда аппеляциялық шағым түсіріп, білім беру мекемесі сот шешіміне қарамастан жұмысын жалғастыра берді.

"Қазақ ұлттық қыздар мектебінің" директоры Жұмазия ЖОЛМҰХАНОВАМЕН бұл жолы байланыс орнату мүмкін болмады. 

Осыған дейін блогер «Адырна» сайтында "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" сәләфилік бағыт ұстанатынын, онда қыздардың құқығын шектеп, бастарын жауып жүруге мәжбүрлейтінін жазған видео мен ақпарат жариялаған еді. Кейін бұл мектеп әлі лицензия алмағаны анықталды.

Сол кезде Жолмұханова "АЖ"-ға мән-жайды түсіндірген ақпарат берді. Ол мектеп салафизм идеологиясын насихаттап жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын, мұндағы балалар мемлекеттік білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сай білім алып жатқанын айтты.

Бұдан кейін Атырау облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек ТАЙШЕВ лицензияның кәсіптік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты берілмегенін алға тартты. Атап айтқанда, оқу бағдарламасы, мұғалімдердің біліктілігі талапқа сай емес, материалдар мен құралдар жеткіліксіз болған.  

Айнұр САПАРОВА

6 қазан 2023, 08:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.