Атырау, 25 желтоқсан 23:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Блогерге қатысты облыстық балалар ауруханасы: қылмыстық іс қозғалды

855 просмотра
freepik.com 

Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ жергілікті блогер Рүстем БАЯЗИЕВТІҢ үстінен полицияға арыз түсірді. Ол өз арызында блогердің балалар ауруханасының дәрігерлері туралы әдейі жалған ақпарат таратқанын алға тартады. Алайда Рүстем Баязиев көмек көрсетілмей жатқанына және дәрігерлердің салғырттығына байланысты бірнеше ананың шағымданғанын, содан кейін жағдайды анықтау үшін ауруханаға барғанын айтады.

Бұдан басқа, 11 қыркүйекте әлеуметтік желіде аурухана қызметкерлерінің ұжымдық шағымы жарияланды - дәрігерлер Р.Баязиевті өздерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыптады. Олар блогерді объективті дәлелсіз науқасқа көмек көрсетілмеді деген видео жариялады деп есептейді. «Аурухана әкімшілігі мен дәрігерлер науқастарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеді. Науқас Б.Г.-ға толыққанды көмек көрсетілсе де, кейбір азаматтар әлеуметтік желіде аурухана дәрігерлері туралы жағымсыз пікір жазды... Әлеуметтік желіде өзін блогермін деп таныстырған азаматтардың видеосы шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Науқас Б.Г.-ны Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізуге Рүстем Баязиев ықпал етті деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - дейді облыстық балалар ауруханасының ұжымы.

Ал Р.Баязиевтің «АЖ»-ға баяндаған ұстанымы мынау.

- Көп ата-ана дәрігерлердің жұмысына және балалар ауруханасындағы жағдайдың нашарлығына шағымданды. Ал науқас Б.Г.-ның ата-анасы көмек көрсетілмегені туралы әлденеше рет видео түсірді. Балалар ауруханасына барғанымда мен де кейбір аурухана басшыларының салғырттығына көзім жетті. Жансақтау бөлімінде бейнебақылау, жазда кондиционер болмады. Тіпті, денсаулық сақтау басқармасының басшысына, денсаулық сақтау министріне, уәкілетті органдарға тексеру жүргізу керектігі туралы бейнеүндеу де жаздым, - дейді Р.Баязиев.

Оның айтуынша, аурухана дәрігерлерінің үндеуі жарияланғаннан кейін ол сол жерге барып, қызметкерлерден сұрастырып, көбі үндеуге не үшін қол қойғанын білмегенін айтыпты.

Оның айтуынша, дәл өзінің араласуынан кейін қызды ата-анасымен бірге Астанаға емделуге жіберген.

- Мен Денсаулық сақтау министрлігіне, Ажар Ғиниятқызына тікелей шықтым, содан соң бұл мәселе шешілді, - дейді Р.Баязиев.

Біз облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетовке телефон шалдық. Ол блогердің үстінен полицияға арыз жазғанын растады, бірақ әрі қарай түсініктеме беруден бас тартты.

Ал Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Н.Айтмұхамбетовтің арызы негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айнұр САПАРОВА

9 қазан 2023, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.