Атырау, 26 қараша 23:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Қайсар Абдалиев жаңа туған сәбилердің өлу себебін айтты​

710 просмотра

Биыл тоғыз айда 93 сәби өлімі тіркелген. "АЖ" облыстық денсаулық сақтау басқармасынан біздің өңірдегі жаңа туған сәбилердің өлім себебі бойынша өз сауалына жауап алды. 

Ресми ақпарат бойынша, жыл басынан бері (тоғыз ай) Атырау облысында 12 546 сәби дүниеге келген. Салыстыру үшін айтсақ, былтыр тоғыз айда 12 639 сәби туған. Биыл 471 сәби шала туса, былтыр - 512 сәби шала болып туған. 

Жоғарыда айтқанымыздай, биыл тоғыз айда 93 сәби өлімі тіркелді. Былтыр осы кезеңде 114 сәби шетінеген. Осы кезең ішінде биыл да, былтыр да екеуден ана өлімі тіркелген. Биыл бір әйел акушерлік патологиядан (амниотикалық сұйықтық эмболиясы) көз жұмса, екіншісінің өліміне экстрагенитальды патология (өкпе эмболиясы) себеп болды.    

- Нәресте өлімінің себептерінің 65% перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. 13% туа біткен ақаулар, 5% жұқпалы аурулар, 4% жүйке жүйесінің аурулары, қан айналымы жүйесі сирек кездеседі - 2,6%, тыныс алу органдары аурулары - 1,3%. Кішкентай жасында сәбилер көбіне жазатайым оқиғалардан (жарақат, күйік, улану)  көз жұмады, ол 6,5%,- деп хабарлады басқарма басшысы Қайсар АБДАЛИЕВ.

Айнұр САПАРОВА

18 қазан 2023, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.