Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен «Атырауинжстрой» сауда үйі» ЖШС банкрот деп танылды. ЖШС мемлекетке салығы бойынша 553 млн 370 мың 640 теңге қарыз болып қалды. Сот оның төлем қабілетсіздігін банкроттыққа негіз болады деп санады. Тарату рәсімінің ұзақтығы - 9 ай.
«Атырауинжстрой» Сауда үйі» ЖШС Атырау қаласындағы автомобиль жолдарын, тротуарларды, жол өткелдерін және т.б. салу және қайта жарақтау бойынша бас мердігер болып табылатын «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-нің еншілес кәсіпорны.
«Атырауынжстрой» сауда үйі» Әділет департаментінде 2017 жылы тіркелген. Қызмет түрі: бетон өндірісі.
Сот шешімінің дәлелді бөлігінде «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 1-бабында заңды тұлғаның дәрменсіздігі деп, соттың белгілеуімен, кредиторлардың ақшалай мiндеттемелерi бойынша талаптарын, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың еңбекақысын төлеуді, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымдарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарының төлеуге борышкердің қабілетсіздігі» түсіндіріледі.
Айнұр САПАРОВА