Атырау, 27 қараша 05:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Білім беру басқармасы мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардан айырмашылық көрмеді

615 просмотра

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы» филиалының директоры Гүлхан ӨТЕГЕНОВА жүгінді. Ол білім беру басқармасы тарапынан бірнеше жекеменшік балабақшаларға заңсыз талаптар қойылған деп есептейді.

Антикордың хабарлауынша, жекеменшік балабақшалардан биометриялық деректерді оқу арқылы келушілер санын бақылауға және сол арқылы бюджет қаражатын тиімді бөлуге мүмкіндік беретін Qazna-Face пилоттық жобасына қосылуды талап еткен. Бұл талап тек мемлекеттік балабақшаларға немесе МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) қағидаты бойынша жұмыс істейтін балабақшаларға ғана қойылады, бірақ жекеменшікке емес – ол жерде бұл өз еркіндегі мәселе.

- Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша білім беру басқармасының басшылығына заңсыз талаптардан бас тартып, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға жол бермеу ұсынылды, - деп хабарлайды Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

21 қыркүйек 2023, 01:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.