Атырау, 9 қараша 17:26
 дождьВ Атырау +5.1
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Қазақстандық әнші Анатолий Цой Қытайда ауруханаға түсті

22 рет қаралды
фото Instagram
фото Instagram

Қазақстанның тумасы, TSOY лақап атымен танымал 37 жастағы әнші Анатолий Цой Қытайдағы ауруханаға түсті.

«112» Telegram-арнасының хабарлауынша, әншінің денсаулығына қатысты мәселелер қазан айының соңында Түркиядағы гастрольдік сапары кезінде басталған. Өнер иесі өзін жайсыз сезініп, жеке клиникаға медициналық көмекке жүгінген. Ем қабылдағаннан кейін жағдайы жақсарып, сапарын жалғастырып, Қытайға аттанған.

Алайда Қытайға барған соң әншінің жағдайы күрт нашарлаған. Тексеру барысында дәрігерлер оның құрсақ қуысында қатты қабыну, перитонит және ішкі гематома анықтағаны хабарланды. Соның салдарынан Цойды ауруханаға жатқызуға тура келген.

Дереккөздің мәліметінше, емдеудің бұдан арғы тактикасын анықтауға Ресейдегі жетекші федералдық медициналық орталықтардың мамандары да тартылған.

Қазір әнші Қытайдағы ауруханада жатыр және қажетті медициналық көмек алып жатыр. Хабарламада оның қазіргі жағдайы жақсы екені және көңіл күйі көтеріңкі екені айтылған.

Анатолий Цой 1989 жылғы 28 шілдеде Талдықорған облысының Көксу ауылында дүниеге келген. Ол ресейлік және қазақстандық әнші, тележүргізуші, кино және теледидар актері ретінде танымал.

Өнер иесі «Хочу к Меладзе» жобасына қатысқаннан кейін кеңінен танылды. 2014-2020 жылдар аралығында MBAND тобының солисі болды.

Сондай-ақ Цой «Маска» шоуының алғашқы маусымында Арыстан бейнесінде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Ал 2023 жылы осы жобада Сарышаян бейнесінде тағы да жеңіске жетті.

Әр жылдары әнші жеке әндерін, танымал орындаушылармен дуэттерін шығарды, түрлі тележобаларға қатысып, музыкалық шоуларда қазылар алқасының мүшесі болды.


Бүгін, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.