Атырау, 9 қараша 17:26
 дождьВ Атырау +5.1
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Астанадағы экобелсенді Маликова митингке шақырғаны үшін ұсталды

28 рет қаралды
фото: instagram/laura.malikova_ecolog
фото: instagram/laura.malikova_ecolog

Астанада белгілі эколог әрі азаматтық белсенді Лаура Маликова ұсталып, әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы оның әріптестері хабарлады, деп жазады hronika.kz.

Экологтар қауымдастығы мүшелерінің айтуынша, Маликова елордадағы арнайы қабылдау орнында отыр. Осыған байланысты қоғам белсенділері Мемлекет басшысы мен Бас прокурордың атына оның ұсталу мән-жайын шұғыл тексеруді сұрап, ұжымдық өтініш жолдаған.

«Біздегі ақпаратқа сәйкес, Лаура Маликованы әкімшілік жауапкершілікке тартуға митингке қатысуға жария түрде шақыруы негіз болған. Болжам бойынша, оның әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы 7-бөлігі бойынша сараланған», – делінген өтініш мәтінінде.

Белсендінің әріптестері сот отырысы өткен-өтпегені және қамауға алу туралы ресми қаулы шығарылған-шғарылмағаны өздеріне белгісіз екенін айтады. Оның арнайы қабылдау орнында отырғанын заңгерлер кезекші қызметкерлерге жеке жүгінген кезде ғана білген.

«Арнайы қабылдау орнында оның шынымен де 12 қарашаға дейін қамауда болатынын растады. Басқа ақпарат ала алмадық. Мен Лаураның барлық пікірімен келісе бермеймін, бірақ оның қоғамдағы өткір мәселелерді үнемі көтеріп жүргенін мойындау керек», – деп пікір білдірді Abai заң компаниясының басшысы Абай Еркебалан.

Айта кетейік, Лаура Маликова бұған дейін экологиялық мәселелерден бөлек, әлеуметтік желілерде азаматтарды наразылық акцияларына шығуға және Қазақстан банктеріндегі депозиттік жинақтарын жаппай шешіп алуға шақырған жазбалар жариялаған.


Бүгін, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.