Атырау, 27 қараша 00:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Қазақ ұлттық қыздар мектебінің» мысалы басқаларға сабақ болуы тиіс

1 116 просмотра
Сурет: freepik.com 

11 қазанда ҚР оқу ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Атыраудағы жекеменшік мектептің жабылуына қатысты пікір білдірді. Дәл қай мектеп екені нақтыланбайдыбірақ лицензиясы болмағандықтан оқу орнының қызметі тоқтатылғаны хабарланды.

- Бұған дейін 2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мектепке осы үшін айыппұл салынған, бірақ оның басшылығы лицензиялау шараларын қолға алмады, - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Әңгіменің «Қыздарға арналған қазақ ұлттық мектебі» туралы болып жатқанын болжауға болады.

Комитет төрағасы Ернұр ДӘУЕНОВ те хабарламада жекеменшік мектептер өз қызметін бастамас бұрын білім беру қызметіне рұқсат алуы керектігін атап өтті.

- Лицензия алу үшін мектеп рұқсат беру бақылауынан өтуі тиіс, яғни оның біліктілік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық демартаменттері мектептердің өз қызметін заңдастыруы және олардың рұқсатсыз жұмыс жасауын болдырмау мақсатында барлық шараны қабылдап жатыр, - деп атап өтті Е. Дәуенов.

Оның айтуынша, өткен оқу жылында лицензиясыз қызметі үшін 30 мектепке айыппұл салынды.

Әрі қарай, білім беру ұйымын лицензиялау барысында қойылатын негізгі талаптар келтірілген. Бұлар - мектептің тиісті материалдық-техникалық базасының, педагогикалық құрамының, санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қызмет қорытындысының, білім алушыларға медициналық көмек көрсету қызметінің болуы.

- Бұл талаптарды орындамау заңнаманы бұзу болып есептеледі және әкімшілік жауапкершілікке тартуға, тіптен білім беру қызметін іске асыруға тыйым салуға негіз бола алады, - деп атап өтті ведомство.

Айта кетейік, қазіргі уақытта комитеттің аумақтық департаменттері лицензиясыз жұмыс жасап отырған мектептерді анықтау және сол бойынша сотқа жүгіну шараларын жүргізуде.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

12 қазан 2023, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.