Атырау, 27 қараша 05:39
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ескертуге қарамай, лифтіге 10 адам мінген

1 105 просмотра
freepik.com 

Атырау облыстық балалар ауруханасында адамдар лифтіде тұрып қалған.  Аурухананың баспасөз қызметі бұл жағдайды растады.

- Сағат 11:10-де күндізгі стационардың науқастары және олардың ата-аналары лифтке мінген. Лифттің көтере алатын жүктемесі тек 600 кг (8 адам) деген ескерту жазу тұрғанына қарамастан, оған 10 адам мінген. Оның үстіне, тек “ауыр жағдайдағы науқастарға арналған” деген ескерту де болған.  Бұл пациенттер мен олардың ата-аналары ондай науқастар болмаған. Шамадан тыс жүктеме болып, 10 минуттан кейін техникалық ақау реттелді. Оқиғадан ешкім зақым алған жоқ, - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

 Дайындаған Айнұр САПАРОВА  

22 қыркүйек 2023, 23:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.