Атырау, 26 қараша 23:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Әуежай жалға беру ақысын қалаған мөлшерде белгілейді ме?

630 просмотра

ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ҚР заңнамасын бұзу фактілерін растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді анықтау мақсатында «АТМА – «Атырау әуежайы және тасымалдау АҚ-на қатысты тексеру жүргізіп жатыр. 

Бұған не себеп болды? Монополияға қарсы орган облыстық көлік прокуратурасының «АТМА – «Атырау әуежайы және тасымал» АҚ-на қатысты талдау жүргізу талабын негізге ала отырып, аэровокзалдың ішінен коммерциялық мақсатта жалға беруге орын ұсыну бойынша қызметтер нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді. 

Алдын ала қорытынды бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды. Атап айтқанда, «қызмет тұтынушылармен (жалдаушылармен) жасалған балама келісімдерге әртүрлі бағаны немесе әртүрлі шарттарды қолдану бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану» дерегі бар. «АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-на оның әрекеттерінде ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бар екені туралы хабарлама жіберілді.

Сірә, бұл жерде қазақстандық әуекомпанияларының бірі жолаушыларға қызмет көрсету үшін АТМА – «Атырау Әуежайы және Тасымалдау» АҚ орынды жалға беруге тым жоғары төлем белгілегені туралы сөз болып отыр.

Айнұр САПАРОВА

16 қазан 2023, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.