Атырау, 27 қараша 01:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Хиджаб әлде мектеп пе? - мәселе осында

524 просмотра

11 қазанда Құлсары қаласының тұрғыны Мейрамбай ТАҒАШЕВ әлеуметтік желіде қызын хиджаб кигені үшін мектепке кіргізбей жатқан видеоны жариялады. Біз оған хабарласып, мән-жайды анықтап көрдік. Оның айтуынша, қызын мектепке кіргізбеген. Ал 10 қазанда оқу-ағарту министрі Ғани БИСЕМБАЕВ журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, бүгінде Қазақстанда хиджаб киюге байланысты мектепте оқи алмау мәселесі жоқ деп сендірді.

Мейрамбай Тағашев бұған сенбеді, өйткені оның пікірінше, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Оның 13 жасар қызы Есқайыр Халықов атындағы №7 орта мектепте оқиды. Отбасында сегіз бала бар, оның үшеуі қыз. Екі кіші қыз мектепке орамалсыз барады, ал 13 жасар қызы биылғы оқу жылыгда мектепте де орамалын шешуден бас тартып отыр. Тағашев оған тыйым сала алмаймын, себебі бұл оның жеке шешімі дейді.

- Қызым 4 қыркүйектен бері сабаққа бармай жүр, тек 20-22 қыркүйектен басқа – осы үш күнде мектепке кіруге рұқсат берді, кейін тағы кіргізбей қойды. Рұқсатты білім басқармасынан берген. Бірақ кейін аудандық білім бөлімі қарсы нұсқау берді. Осының бәрін видеоға түсіріп алдым, бәрі сақтаулы. Бүгін қызымды мектепке жібердім, бірақ кіруге рұқсат бермеді. Мен оларға оқу-ағарту министрінің мәлімдемесін бердім, бірақ олар сонда да кіргізбеді. Оны да видеоға түсіріп алдым, – дейді Тағашев.

Оның айтуынша, ол Бас прокуратураға, ҰҚК, Антикорға, оқу-ағарту министрлігіне арыз бергенімен, жауап алмаған.

Осы жағдайға байланысты «АЖ» облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сауал жолдады.

Айнұр САПАРОВА

12 қазан 2023, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.