Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өңірімізде осы жылдың ІІ тоқсанының соңында жұмыссыздар саны 17 103 адамды, ал тамыз айының соңында 18 858 адамды құрады (біз жұмыспен қамту органдарында тіркелгендер туралы айтып отырмыз). Алайда data.egov.kz порталындағы ақпарат сәл басқаша: онда 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыссыздар саны - 19 153 адам.
Әрі қарай Ұлттық статистика бюросы ІІ тоқсанда жұмыскерлерге төленетін орташа айлық жалақы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 573 355 теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,2%-ға көп.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА