Атырау, 27 наурыз 19:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

Экология

Экология

Теңіз сырқатының синдромы

ТШО нысандарында кенеттен болатын өлім сериясы жалғасуда. 20 шілде күні ТШО нысандарының бірінде «ДенхолмЖолдас» мердігер компаниясының 36 жастағы қызметкері Жылыой ауданы Қосшағыл поселкесінің тұрғыны Шынғали АХАТОВ қайтыс болды. Жұмыс беруші оның өлімі өндіріспен байланысты емес деп сендіріп отыр, ал, оның туыстары бұған келіспейді. 2 тамыз 2012, 00:33 2 838 рет қаралды
Көзбояушылық кімге тиімді? Экология

Көзбояушылық кімге тиімді?

Маусым айының басында біз «ЭкоПост» ҮЕҰ-ның төрағасы Жасұлан Көжековпен бірге біздің облысымыздағы мұнай компанияларының шартты аумақтарын аралап, ондағы экологиялық ластанған аймақтарды тіркеуге алдық. Біздің газетте жарияланған мақаладан («АЖ» №26, 14.06.12 – «Туған жердің лайланды-ау тұнығы») соң, жекелей алғанда, Көк-Арна кен орындарындағы табылған мұнай төгінділерінің дақтары туралы айтылған болатын. 25 шілде 2012, 20:20 4 069 рет қаралды
Экологтарды шүбәландырған жоба Экология

Экологтарды шүбәландырған жоба

4 шілдеде «Kazakhstan Petrochemical Industries» компаниясы шақырылған жұртшылықтың аз ғана өкілдеріне интеграцияланған газ-химиялық кешеннің жаңартылған жобасын таныстырды. Осылайша, аймағымызда жүзеге асырылып жатқан алып өнеркәсіптік жобаларға тағы біреуі қосылды. 11 шілде 2012, 18:30 3 323 рет қаралды
Жер-ананың мұңы бар Экология

Жер-ананың мұңы бар

Біздің аймақта техногенді жер сілкінісі қаншалықты қауіпті? Осы сауалмен біз ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, КСРО құрметті мұнайшысы, құрметті жер қойнауын барлаушы Махаш РАХМЕТОВКЕ (суретте) жолықтық. 11 шілде 2012, 18:45 4 458 рет қаралды
Құбырдан төнген қауіп Экология

Құбырдан төнген қауіп

Бірқатар мемлекеттік емес ұйым өкілдері Бас прокуратура мен мұнай және газ министрлігінен «Аджип ККО» компаниясының Қарабатаннан «Интергаз Центральная Азия» АҚ магистральды газ құбырына дейін  газ желісінің жүргізілуі заңдылығын тексеруді талап етіп отыр. Олардың айтуынша, Мақат поселкесі тұрғындары үйлеріне тым жақын жатқан газ құбыры адамдар өміріне қауіп төндіріп келеді. 27 маусым 2012, 19:53 3 149 рет қаралды
Табиғаттың керемет сыйы Экология

Табиғаттың керемет сыйы

Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы оқушылар арасында туған өлке тарихы тақырыбына қатысты шығармашылық байқау жариялаған болатын. Балалар оған үлкен жауапкершілікпен қатысты. Жақында байқаудың қорытындысы шығарылды. Ең таңдаулы деген жұмыстарға тоқтала  кетейік. 20 маусым 2012, 17:41 14 754 рет қаралды
Гүлге оранған мектеп Экология

Гүлге оранған мектеп

Ғани Мұратбаев атындағы мектепті айнала көмкерген бөртегүлдердің бұтағының арасынан байқау мүмкін емес. Ендеше мектептің қалалық «Жасыл аула» байқауында жүлделі бірінші орынды жеңіп алуы айтпаса да түсінікті. 20 маусым 2012, 22:07 15 093 рет қаралды
Кеніштердің қойнауындағы бомба Экология

Кеніштердің қойнауындағы бомба

Мақаш РАХМЕТОВ, 80 жаста, Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, КСРО-ның құрметті мұнайшысы, «Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушы» белгісімен төрт мәрте марапатталған, «Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы». 13 маусым 2012, 18:45 3 270 рет қаралды
Туған жердің лайланды-ау тұнығы Экология

Туған жердің лайланды-ау тұнығы

Атырау облысында мазутпен бүлінген жерлер қаншама? Тәуелсіз сарапшылар мұндай жерлер жүздеген миллион тонна деп есептейді. Мемлекеттік органдар атаған цифрлар бұдан аз. «АЖ» тілшісі мен «ЭкоПост» қорының төрағасы Жасұлан КӨЖЕКОВ өткен демалыс күндерін облыс картасындағы қара дақтарды іздеуге арнаған еді. 13 маусым 2012, 20:49 10 704 рет қаралды
Жайыққа "жерленген" кемелер Экология

Жайыққа "жерленген" кемелер

Атырау аумағындағы Жайық өзенінде қараусыз қалған кемелер іріп-шіріп жатыр Өткен жылдың аяғында біз қала маңындағы өзен жағалауында бірнеше жыл бойына тот басып жатқан ескі екі жүзбелі зауыт-кемесін бұзу жұмыстары басталғаны жайлы хабарлаған едік (АЖ №49, 8 желтоқсан 2011 жыл, «Зауыт-кемелерді өзен ішінде «кескілеп» жатыр»). Сөйтсек сол кезде осы жүзбелі зауыт-кемелерді металл сынықтары ретінде сатудан түскен қаржыдан «Атырау Балық» АҚ өз жұмысшыларына көп күттірген жалақысын беріпті. 16 мамыр 2012, 22:08 8 173 рет қаралды
Полигонда достық бар ма? Экология

Полигонда достық бар ма?

Тайсойғанның тағдыры шешілетін күн жақын Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі 4 млн долларға жалға алған Тайсойған полигоны (Қызылқоға ауданы территориясының үштен бір бөлігі) 750 мың гектар жерді алып жатыр. Полигон аумағында тұрып жатқан елді мекен тұрғындары ондағы мұнай кеніштерін игеруді былай қойғанда, тұрғын үй құжатын да ала алмай отыр. Өйткені Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісім шартта полигон жері жеке немесе заңды тұлғаларға берілмейтіні атап көрсетілген. 25 сәуір 2012, 20:15 3 348 рет қаралды
Ағыс баяу қайтады Экология

Ағыс баяу қайтады

Атырау маңында мамырда басталатын су тасқынының шарықтау шегінде Жайық өзеніндегі су деңгейі өткен жылға қарағанда анағұрлым төмен болады. Бұл туралы Жайық-Каспий бассейндік су қорларын пайдалануды реттеу және қорғау инспекциясының бастығы Бисен ҚУАНОВ хабарлады. 25 сәуір 2012, 20:49 7 709 рет қаралды
“Шетелдіктерден ұят болды - ау!” Экология

“Шетелдіктерден ұят болды - ау!”

Өткен жылы жарияланған Атырауды кешенді көгалдандыру бағдарламасы нақты көрініс ала бастады. Оны жүзеге асыру және 2020 жылға дейін аяқтау үшін «Жасыл Даму» экологиялық қоры мен «Атыраузеленстрой» ЖШС құрылды. 4 сәуір 2012, 19:14 4 030 рет қаралды
Экология

Жайыққа нәжістен қауіп бар

Ақпан айының аяғында Оралда Шаған өзенінің жақын маңында шағын экологиялық апат орын алды: канализациялық коллектордың бұзылуы салдарынан диаметрі 300 метрдей адам нәжістерінің  сасыған батпағы пайда болды. Көктемнің келуімен бұл қоспаның барлығы Жайыққа құйылуы әбден мүмкін. 21 наурыз 2012, 16:55 2 593 рет қаралды
Экология

«Теңізшевройл» тағы айыппұл төледі

Өткен жылы Жайық-Каспий экология департаменті  «ТШО» ЖШС-нің 2010 жылы газды  оның ішінде пропан, бутан, құрғақ газды жағуда нормативтен асып кеткендігін анықтады. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экологтар 1,1 млрд теңгеге бағалады. 16 ақпан 2012, 17:38 2 485 рет қаралды
Қашағанда мұнайдың төгілу ауқымы Мексика шығанағындағыдан апаттырақ болуы мүмкін Экология

Қашағанда мұнайдың төгілу ауқымы Мексика шығанағындағыдан апаттырақ болуы мүмкін

Қашағанда мұнайдың төгілу ауқымы Мексика шығанағындағыдан апаттырақ болуы мүмкін, алайда әзірге экологиялық қызмет ондай жағдайға дайын емес, деп санайды қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров.  11 ақпан 2012, 21:48 3 316 рет қаралды
Аралдағы апат туралы Экология

Аралдағы апат туралы

Қашаған мұнай кенішіндегі ірі апат неге әкеп соқтыруы мүмкін Солтүстік Каспийдегі Қашаған кенішінен мұнай өндіру жұмыстарын бастауға бір жылға жетпейтін уақыт қалды. Әлденеше рет кейінге қалдырылып, үздіксіз құны өсіп отырған осынау алып жобаның шикілігі туралы экологтардың көңілге қонымды дәлел келтіргендеріне қарамастан, біз осынау қатерлі датаға жақындап келеміз. 25 қаңтар 2012, 22:50 7 026 рет қаралды
Экология

Атырау алуан аурудың ордасы

“Республикалық атмосфералық ауаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС және «Батысэкожоба» ғылыми-зерттеу институты ЖШС «АМӨЗ және басқа да өндірістік нысандардың Атырау қаласының қоршаған ортасына  және халқының денсаулығына әсерін кешенді зерттеу» жобасының кезекті бір кезеңінің  аралық нәтижелерін жария етті. 18 қаңтар 2012, 19:26 3 530 рет қаралды
Орман емес, шағын тоғай болуы мүмкін Экология

Орман емес, шағын тоғай болуы мүмкін

Үш апта бұрын «NCOC» консорциумы Қарабатандағы орман қорғау алқабының жобасын таныстырды («АЖ», №47, 24.11.11 ж. - «Қарабатан мен Атыраудың арасы орманға айналады»). Қаладағы жолдары бола қоймаған көгалдандырушылардан айырмашылығы консорциум ұсақ-түйектің бәрін ескеріп, бұл іске батыстың үлгісімен кірісіпті. Дегенмен де, жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен тәжірибелі көгалдандырушылардың бұған қатысты өз пікірлері бар екен. 14 желтоқсан 2011, 21:36 7 004 рет қаралды