Атырау, 26 маусым 17:25
 снегВ Атырау +23.9
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

​Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының жаңа басшысы​ тағайындалды

146 рет қаралды

Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып Ринат Қапанов тағайындалды.

Ол 2007 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын жеке секторда бастап, өндірістік кәсіпорындарда электрик, шебер, инженер қызметтерін атқарған. Кейін құрылыс және техникалық қадағалау саласындағы компанияларда сарапшы, басқарушы және аға инженер болып жұмыс істеді.

2013 жылдан 2021 жылға дейін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында түрлі лауазымдарда еңбек етіп, бас маманнан бөлім басшысына дейін көтерілді. 

Соңғы уақытта облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының инженерлік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

Жаңа басшының тәжірибесі өңірдегі құрылыс саласын бақылау мен дамытуға серпін береді деп күтілуде.

Бүгін, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.