Атырау, 28 қараша 15:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Табиғаттың керемет сыйы

14 200 просмотра

Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы оқушылар арасында туған өлке тарихы тақырыбына қатысты шығармашылық байқау жариялаған болатын. Балалар оған үлкен жауапкершілікпен қатысты. Жақында байқаудың қорытындысы шығарылды. Ең таңдаулы деген жұмыстарға тоқтала  кетейік. 

 

Әр көктем сайын біздің өлкемізде керемет ғажайып орын алады – дала қызыл, сары қызғалдақтарға және алқызыл көкнәрға оранады. Осынау сұлу көріністі Ганюшкин поселкесінің Әуезов атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Таня ЗОЛОТАРЁВА (суретте) сәтті түсіріп алған. Таня табиғатты жанындай сүйеді және суретке түсірумен айналысады, сондықтан да оның фотоальбомы туған жерінің керемет сұлулығына арналған екен.

Мен бұл суреттерді түсіру үшін  ата-анаммен бірге   далаға бардым, - дейді жасына қарамастан салмақты сөйлеген Таня.

Ол туған жеріндегі әдемі аққулар мен керемет өзен, сайын даланы еркін кезіп жүрген түйелер туралы сыр шертуден жалығатын емес. Міне, оның бірнеше түсірген суреттері.

 

ДАЛАДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ

Құрманғазы ауданында ескі бір құрылыстың үлкен бір тарихы бар, бұл ХІХ ғасырдың басындағы шіркеуден қалған ескерткіш. Бірақ, оған тарихи ескерткіш мәртебесі берілмеген.

– Жас  күнімде мен Гурьевтен Оралға дейінгі аралықта иесіз қалған көптеген көне ғимараттарды көрдім, - дейді танымал өлкетанушы Вячеслав АФАНАСЬЕВ. – Олардың барлығы да ескі Гурьевтің көзден ғайып болып бара жатқанындай бірте-бірте құрып барады. Келушілерге біздің тарихымыз қызықты, олар ескі үйлерді көргісі келеді, алайда, олардың орнында жартылай қираған үйінділер ғана.

 

МАХАББАТ ТАРИХЫ

Сәнді аққулардың жұбын Таня осы маусымда Шарон өзенінен түсіріп алды.

Аққулар өзен қойнауларында жиі кездеседі, - дейді ол.  Бұл жолы біздің жолымыз болдыаққулар өз балапандарымен бірге жүзіп жүрді.

Қанаты қатаймаған балапандар қоңыр-сұрғұлт түсті болып келеді. Көптеген аққулар Пешнойға ұя салады. Сондай-ақ, оларды Құлсары бағытына қарай артезиан ұңғылары ауданында және қамысты жағалаудың бәрінен кездестіруге болады. Олар әдетте ол жерлерге өздерінің балапандарын жасырады. Біздің жерімізде сұңқылдақ аққу ұя салады, ол қызыл кітапқа енгізілмеген ең қарапайым аққу. Ұшып өтетін кезде солтүстік қиқылдақ аққу да қонақтайды. Осынау сәнді құстарды бақылаудың өзі бір ғанибет. Әсіресе, олардың махаббаттарының тарихынан жүрегіңіз сыздайды. Егер аққудың жұбының бірі өлген болса, екіншісі де көп ұзамай жалғыздықтан өліп қалады.

 

ҒАЙЫП БОЛҒАН КИІКТЕР

Миялы селосының №1 мектеп-гимназиясының  9-сынып оқушысы Шапағат МЫРЗАБЕК өз қолынан жасаған туындысы үшін 1-ші орынды жеңіп алып, диагоналы 43 болатын плазмалық теледидарды сыйлыққа алды. Шапағат марапаттау рәсіміне келе алмады, өйткені ол мемлекеттік емтихандарын тапсырып жатты. Оның айтуынша, ол Ақтөбе қаласындағы дизайнерлікке дайындайтын оқу орнына түсуді жоспарлап қойған екен.

Жеңімпаз байқаудың талабы, яғни табиғи материалдарды дұрыс пайдалана білген, алайда, бастысы өз ойын айқын бере алған: оның қолданған патрондары киіктердің мүлдем азайып кетуі - оларды браконьерлердің құртқандығы туралы айтып тұрғандай.

- Бұрын бізде киіктер екі популяциялы: Еділ-Жайық және үстірт деп бөлінді, - дейді Ф.Сараев. Үстірт киіктерін көктемде Ембі өзенінің аралықтарынан көруге болады. Мен соңғы кездері ол жерлерде көп болып жүрмін, бірақ, соңғы жылдары оларды көргенім жоқ. Біздің облысымыздың аумағында киіктер мүлдем жоқ деп айтуға болады, осыдан екі жыл бұрын болған олардың жаппай қырылып қалуы олардың көбеюіне кері әсер етті.

 

ДАЛАНЫҢ ГҮЛ ДЕСТЕСІ

Көкнәр өткен жылдың мамыр айында түсірілген екен, ол жер Алислан деп аталады. Қызғалдақтар туралы айтсақ,  жергілікті өлкетанушы Фёдор САРАЕВ айтқандай,  біздің даламызда қызғалдақтардың үш түрі кездеседі екен:  – Шренка қызғалдағы – ірі қызыл, сары, тіпті, көгілдір түсті болып келеді, ал, Биберштейн қызғалдағы – одан сәл кішілеу, сары түсті. Екітүсті қызғалдақ (ішкі жағы сары жиекті  ақ гүл) басқаларына қарағанда ерте сәуірде гүлдейді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

20 маусым 2012, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.