Тайсойғанның тағдыры шешілетін күн жақын
Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі 4 млн долларға жалға алған Тайсойған полигоны (Қызылқоға ауданы территориясының үштен бір бөлігі) 750 мың гектар жерді алып жатыр. Полигон аумағында тұрып жатқан елді мекен тұрғындары ондағы мұнай кеніштерін игеруді былай қойғанда, тұрғын үй құжатын да ала алмай отыр. Өйткені Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісім шартта полигон жері жеке немесе заңды тұлғаларға берілмейтіні атап көрсетілген.
КЕЛІСУГЕ ӘЗІР
Былтырғы жылдың маусымында РФ Қорғаныс минис-трлігінің 85-ші полигоны бастығы Александр ЗИМИН ресейлік әскерилердің Тайсойған полигоны аумағын қайта қарауға әзір екендері туралы айтқан болатын.
– Жаңа әскери ұшақты сынағанда оның жолында қауіпсіз аймақ сақталуы тиіс. Ол жаңа техника болғандықтан онымен түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Сол үшін де адамдар тұрмайтын полгиондар қажет,-деді А.Зимин. - Көптеген жылдар бойы полигонда ешнәрсе сыналмайды, ештеңе жарылмайды және ештеңе құламайды да. Сондықтан біз жалға алған аумақтың көлемін азайтуға әзірміз. Біздің есебіміз бойынша 1 300 габізге жеткілікті.
2011 жылдың қарашасында Астанада ҚР мен РФ арасындағы келісімге өзгеріс енгізу («929-шы мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы - Тайсойған полигоны)» туралы шешім қабылданды. Арнайы құрылған комиссия 2012 жылдың 1 мамырына дейін 1995 жылдың 20 қаңтарында қабылданған келісімге өзгеріс енгізуі тиіс.
ЖЕР ДАУЫ ЖЕСІР ДАУЫНАН КЕМ ЕМЕС
Тайсойған округіндегі 1090 адам 124 үйге біріккен. Яғни, 147 отбасы бар. 113 адам мемлекеттік акт алғанымен, меншік құқын растайтын құжат берілмегесін бәрі заңсыз болып есептеледі. Тайсойған жерасты суына бай, шөбі шүйгін жер. Полигон орналасқан жердің 90 пайызы жайылымдық, 60 пайызы шабындық жер. Бұл жерден 25 мың тоннаға дейін шөп дайындап, мал басын бірнеше есеге дейін өсіруге болады.
ТҰРҒЫНДАР ЖӘНЕ ЖАРЫЛЫС
Тайсойған полигоны облыс орталығынан шамамен 250, аудан орталығы Миялыдан60 шақырым қашықтықта орналасқан.
Тайсойған 1949 жылы әскери полигонға айналып, 1952 жылдан бастап ядролық сынақ өткізіле бастаған. Деректер бойынша 1966-1977 жылдар аралығында 24 рет ядролық сынақ жасалған. Жарылыстың жердегі тереңдігі 500 метрге дейін жеткен. 2000-нан астам соғыс қалдықтары шашылып қалған, бірақ кейін полигон аумағынан тазартылып алынған дейді. Қазақстан республикасы Қорғаныс Министрлігінің және Ресей Федерациясының Атырау облысында орналасқан әскери бөлім басшылығының ақпараты бойынша 2000 жылдан бері полигонда сынақ өткізілмепті. Десек те, ядролық жарылыстың салдарынан ауада қанша металл, улы инертті газдар таратылғаны жұмбақ күйде. Әлі күнге дейін қалдықтар саны мен зияндылығы турасындағы әңгіме жабық жағдайда қалып келеді. Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі 2006 жылы Тайсойған аумағында тұратын ауылдарды қамтып, кешенді экологиялық, демографиялық зерттеулер жүргізгенде полигонның кері әсері болмаған деген тұжырымын жария еткен. Бірақ осы аумақта қатерлі ісік, қантамыр, жүрек аурулары, тыныс жолдары, психикалық аурулар, суицидтер артып кеткен. Лейкозға шалдыққан 2 бала қайтыс болған. Әйелдер арасында бедеулік, қаназдық, сәбилердің кеміс, өлі тууы да көп кездесуде. Мұқырлық жас жігіт Нұржан Өркешбаевтың қарттыққа ұшырауы радиациялық зардаптың кесірі екенін бәрі біледі. Мал арасында құбыжық төлдердің тууы да тегін емес. Дәл осындай азаптарды бастан кешіргендер бұдан басқа мүмкіндіктерден айрылып отырғандарына наразы.
МҰНАЙДЫ АЛУҒА ДА РҰҚСАТ ЖОҚ
Бұдан бөлек ҚР Мұнай және газ Министрлігінің мәліметі бойынша Тайсойғанда жүргі-зілген геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижесінде «Уаз» және «Қондыбай» кен орындары табылған. Бірақ олар полигон жерінде қалуынан игеру мүмкін болмай отыр. «Мәтен біріккен кәсіпорны» ЖШС-не мұнай өндіру үшін берілген 2514,3 гектар жердің 1172 гектары полигон аумағында қалуына байланысты 10 жылдан бері толық қуатында жұмыс жасай алмай келеді.
Қазір полигон маңында жылына 500 мың тонна мұнай беретін үш кеніш игерілу үстінде. Тайсойғанда болашағынан мол үміт күттірер кеніштердің тағы да табылуы мүмкін ғой.
СЕҢ БҰЗЫЛА БАСТАДЫ
Жоғарыдағы жайттарды басты назарға алғансенат депутаты СӘРСЕНБАЙ ЕҢСЕГЕНОВ Премьер-Министр Карим МАСИМОВКЕ хат жолдаған болатын.
- Бұл кездесу нәтижелі болады деп ойлайсыз ба? Мәселе шешілсе рәсімдеу жұмыстары қашанға дейін созылмақшы?
-Үміт күтіп отырмыз. Онда жылдың аяғына дейін бұл жайға нүкте қойылатын болады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА