Студент-мұнайшы Әнуарбек ТАДЖИЯКОВ Теңіз кенішінде күкіртті сақтаудың өзіндік әдісін жасақтады және оны Атырауда өткен аймақтық мұнай-газ технологиялық конференциясында таныстырды.
Әнуарбек Ақтөбе қаласының тумасы, Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің 3 курсында «Мұнай-газ кеніштерін игеру және пайдалану» мамандығы бойынша білім алуда. Студент күкіртті арнаулы құрылғы бойынша жасалған жабық ангарларда сақтауды ұсынады. Ангарларды ұсынылған сызба бойынша құру қиын емес көрінеді. Ангардың жоғарғы бөлігі (шатыры) цилиндр пішінді пластиктен жасалады. Оның айтуынша, оның құрылымы мен материалдары жазғы уақыттарда күннің энергиясының көмегімен күкіртті ерітуге мүмкіндік береді екен. Осылайша, оны түйіршіктерге айналдыруға болады.
Студенттің ғылыми жетекшісі, техникалық ғылымдар докторы, ҚазҰТУ профессоры Тлеухан АХМЕТЖАНОВ бірнеше жыл бұрын өзінің күкіртті сақтаудың жабық әдісі үшін патент алғандығын түсіндірді.
- Менің ұсынған әдіс-тәсілім былайша: күн энергиясының көмегімен блоктағы күкірт еріп, түйіршікке айналады және оны арнаулы целлофан пакеттерге саламыз. Бұл пакеттерге кейін инертті газ жіберіледі (азот), ал, кейін вакуумды қондырғының көмегімен барлық газ сорылып алынады, сөйтіп, тегіс тастар бөлінеді. Ондай оралған күкірт қоршаған ортаға зиян келтірместен жылдар бойына сақталады. Бұл уақытта блокты күкірт шаңдап, бұзылады, тотығып, жануға бейім болады. Студенттер менің жұмысыммен жақсы таныс. Олар соған сүйене отырып, өздерінің ойларын да ұсынды. Бұл жағдайда студент күкіртті жабық ангарда сақтауды ұсынып отыр. Бұл да сақтаудың қауіпсіз бір түрі . Оның үстіне күн энергиясы ешқандай шығынсыз блокты күкіртті түйіршікке айналғанша ерітуге мүмкіндік береді.
2007-2008 жылдары мен өзімнің жобамды ТШО - ға ұсынып көрдім, бірақ олар бұл бағытта «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ жұмыс жасап жатқандығын айтты.
Әнуарбек өзінің әдісін экономикалық тұрғыдан алып қарағанда қауіпсіз және тиімді деп есептейді:
- Иә, көптеген компаниялар блокты күкірттерді ашық сақтау қауіпсіз деп мәлімдеп отыр. Алайда, қоршаған ортамен өзара әрекет ету барысында, тіпті, барлық төгілетін қоспалар есебімен алып қарағанда да ашық сақтау тек кеніште жүргендерге ғана емес, жақын аудандардағы тұрғындарға да айтарлықтай зиян келтіреді.
- Сенің жұмысыңа мұнай-газ компаниялары өкілдерінен кімде-кім қызығушылық танытты ма?
- Олар Қазақстанда да және бүкіл әлем бойынша да күкіртті сақтаудың бір ғана жүйесі – ашық және блокты түрінің қолданылатындығын айтты. Менің әдісіме қатысты олар оның өте қымбат екендігін мәлімдеді.
Академик Муфтах ДИАРОВТЫҢ пікірінше, студенттер ұсынған идея жаман емес, бірақ, әлі де толықтыруды қажет етеді.
Бүгінгі күні Теңіз кенішінде ашық ауада блок түріндегі 4 млн тонна күкірт сақталуда.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА