Атырау, 10 желтоқсан 00:14
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Министрлік Теңіз бен Қашағанға көз салуға уәде берді

2 889 просмотра

Кеше, 18 қарашада Құлсары қаласында «ТШО» ЖШС-нің 2013-2015 жылдардың Табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша өткізілген жұртшылық тыңдауына ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр ЕРЕНЧИНОВ (суретте) қатысты.

Шарадан тыс уақытта біз оған бірнеше сұрақтар қойған едік. Еренчинов өңірлерге тұрақты сапарлар жасалатынын мәлімдеді:

- Біз ахуалды тек қағаз жүзінде емес, іштей көруге тиіспіз.

- Комитет Теңіздегі Келешек кеңею жобасын мақұлдамады. Жобаны аяқтап бітіру үшін ТШО-ға қанша уақыт керек?

- Біз жобаны қарап шығып, бірқатар сәйкессіздіктерді таптық. Сөйтіп заңды негізде мақұлдаған жоқпыз. Компания жобаны аяқтап бітіріп, оны лайықты түрде ұсынуға мүдделі деп ойлаймын. Олардың уақыттары бар. Біздің жобаны тоқтатайын немесе созайын деген мақсатымыз жоқ. Біз жарамайды деп айта салмай, не үшін екенін (тармақтар бойынша) түсіндірдік. Енді аяқтап бітірсін.

- Ашық әдіспен сақталған Теңіздегі күкірт қоры туралы не айтасыз?

- Оның жалпы мөлшері көңілімнен шыққан жоқ, бірақ оның азайып жатқандығы қуантады. Маған ұсынылған ақпараттың негізінде 2015 жылға қарай күкірт карталары босап, ТШО топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру жұмыстарын бастайды деп ойлаймын.

- Облыстың басқа аудандарымен салыстырғанда Жылыой ауданы тұрғындардың сырқаттану деңгейі бойынша көш басында тұр.

- ТШО секілді алып кәсіпорындардың қызметі халық денсаулығына әсер ететіндігімен келісемін. Бірақ адамдардың қандай факторлардан – шығарындылар немесе факельдердегі алаудан, күкірттің ашық сақталуынан немесе басқа нәрселерден ауыратынына көз жеткізу үшін салмақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.

Том Миллер мен Данияр Еренчинов- Бар мәселе - бізде тәуелсіз мониторингтің жоқтығында болып отыр. Мемлекеттік органдардың талаптары бойынша бүкіл зерттеу жұмыстарын ТШО немесе НКОК болсын, тапсырыс беруші компаниялардың өздері жүргізеді.  Әрине, шынайы нәтижелер күтуге тура келмейді.

- Бұл дұрыс сұрақ. Осы жазда біз Каспийдегі экологиялық мониторинг нормалары бойынша үкімет қаулысына өзгерістер енгізу жобасын енгіздік. Онда әдістемелер мен ұсыныстар айқын жазылған. Біз бүгінгі жағдайды білуге тиіспіз. Ал содан кейін өндіріс процесінде қалай әсер ететінін түсіну үшін өндірістік экологиялық мониторинг жүргіземіз. Қазір осыған қатысты табиғат пайдаланушылармен қызу талқылап, белсенді түрде пікірталастар жүргізіп жатырмыз. Өйткені оларды енгізгеннен кейін, табиғат пайдаланушылар мониторингтік стансалар санын көбейтуге міндетті. Ал біз олардың мәліметтеріне талдау жасайтын боламыз. Біз мұнай игерудің су түбіндегі тіршілікке, теңіздегі жануарлар әлеміне, су қабатының қалыңдығы мен ауа ортасына әсер етудің төрт маусымдық зерттеу кезеңін енгіземіз. Ал келесі қадам - құрлықтағы фондық және өндірістік мониторинг үшін ұқсас әдістемелер мен ұсыныстарды жасап шығару болмақ. Қыста үкімет қаулысына енгізу үшін осы ұсыныстар мен әдістемелерді қорғаймыз деп ойлап отырмыз.

- Бірақ біз олардың дұрыс болатындығына сенуімізге бола ма?

- Салыстырмалы талдау жасалатын болады. Табиғат пайдаланушылар өздерінің өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын өз қызметтеріне рұқсат құжаттарын алу кезінде бізде қорғайды. Бұдан басқа, ҚОҚМ бөлімшесі болып табылатын Қазгидромет өз стансаларында мониторинг жүргізеді. Олардың стансалары Каспий теңізі жағалауының бойында орналасқан. Салыстырмалы талдау мен нақты көріністі анықтау табиғат пайдаланушылар мен Қазгидромет ұсынған фондық мәліметтер негізінде жүргізілетін болады. Әдістемелік ұсыныстардың жетіспеу проблемалары да бар.

- Егер Каспийде фондық көрсеткіштерді Қашағанда мұнай өндіру басталғанға дейін және кейін салыстыру мүмкіндігі бар болса, онда Теңізді игеру басталғанға дейін экологияның қандай шығынға ұшырағанын қалай білеміз?

- Бұл мәліметтер мұрағат материалдарында бар. Біз бұл жұмыстарды қазір ғана бастап жатырмыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

19 қазан 2012, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.