Қалаға танымал қоғамдық қайраткер, «Арлан» ҮЕҰ-ның негізін қалаушы Макс БОҚАЕВ біздің мақалаға қатысты жауап ретінде бірнеше ұсыныстар жасады.
«Қолда бар ақпараттарға қарағанда (негізінен «АЖ»-да аталған), бұл өрттердің қиындығы сол қалдықтардың төменгі жер қабаттарында емес, жоғарғы қабатта шіруінде болып отыр. Қоқыстың түбіндегі шірудің басты себебі қоқыс газы болып табылады, химия мамандары оның жанғыш метаннан тұратындығына сендіреді.
Сөндірудің қандай жолдары бар?
Бірінші кезекте ойға оралатыны – қарапайым ғана су құйып өшіру. Алайда бұл арзанға түспейді, оның үстіне Жайық суы әбден тартылуда. Интернеттен мына бір пікірге көзім түсті, онда жоғары температурада жанып жатқан қоқысқа құйылған су оттек пен сутекті ыдыратып, керісінше, жануын қолдайды.
Тағы бір тәсіл – қоқысты топырақпен көміп тастау. Ауа келмегесін, оттың жану мүмкіндігі шектеулі болады. Бұл тәсілді Днепропетровск облысы, Новомосковск қаласы маңындағы қоқыста болған өртті жою барысында қолданған. Интернетте жазғандай, төрт гектар жерге 17 мың тонна топырақ төселген. 3 тәулікке созылған өртті өшіруге 306 адам, 57 бірлік техника жұмылдырылған.
Бұл тәсілді бізде де қолдануға болады, бірақ бәрібір топырақ төккеннен кейін де қоқысты жинау орнын ауыстыру керек болады.
Егер ең бір тиімді тәсіл туралы айтар болсақ, онда ол қоқыс газын пайдаға асыруға мүмкіндік беретін көптеген ұңғыларды орналастыру немесе ашық алаңда жағу болып табылады. Оның кез-келген жағдайда жанған резеңке, пластмассаларға қарағанда зияны барынша аз болады. Бұл тәсілді мен «АЖ» арқылы өткен жылы Ербол ҚУАНОВПЕН болған онлайн-конференцияда ұсынған болатынмын. Алайда, ол тек облыста жанғыш газдарды пайдаға асыратын жүйесі бар жаңа полигондар салынатындығына тоқталып, ал, ескілерімен не істеуге болатындығы туралы ештеңе айтпады.
Прокуратура, экология департаменті, СЭС-на өртті тергеу үшін ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін пайдалануға болар еді ғой. Өйткені, Кодекстің 145-бабында былай делінген: «Өндірістік және тұтыну қалдықтарын көміп тастау, сақтау, тасымалдау, зиянсыз ету, қолдану және пайдалану, жинауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға санитарлық ереже және гигиеналық нормативтер белгіленеді».
Мұны олар неліктен істемей отыр? Білмеймін.
Митингілерге келетін болсақ, тәжірибе көрсетіп отырғанындай оған рұқсат берілмейді. Ал, заңсыз митингіге шығатындардың саны он адамнан аспайды. Сондықтан да түрлі жасырын арандатушылардың табалауына сылтау болмау үшін оларды өткізбеген дұрыс».
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА