Біздің газетімізде жарияланған «Свалка-зажигалка» («АЖ», №31, 184-бет) деген мақаладан соң коммуналдық «Арнаулы автобаза» кәсіпорнының бұрынғы басшыларының бірі Жетпісбек ИСАЕВ орын алған проблеманы шешу жөніндегі өз пікірін білдірді. Ол бұл кәсіпорынды 1991-ші жылдан 1999-ға жылға және 2003-ші жылдан 2004-ші жылға дейін басқарды. Сондықтан да оның айтары бар.
ТҰРҒАНОВТЫҢ ШЕШІМІ
- Мені бәрінен бұрын санитарлық дәрігерлер мен табиғат қорғау прокуратурасы таңғалдырып отыр, бірнеше жыл болды, ешқандай әрекет жоқ, олар толығымен сырт қалып қойған. Бұл әсіресе, таяудағы Ресей қоқыс алаңында ондаған өрт және арнаулы техника бірліктерімен сөндірілген өртпен салыстырғанда тіптен шарасыз етеді. Сол жерде түсінік бергендердің бірі, шамасы ТЖ қызметкері болу керек, сол кезде журналистке былай деді: «желдің басқа жақтан соққандығының арқасында жолымыз болды, егер қалаға қарай соққанда тұрғындарды көшіруге тура келетін еді...».
Бұл проблема неден басталып еді? 1999 жылы облыс әкімі Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, ал, қала әкімі Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ болған кезде қалалық әкімдікте өткен мәжілісте сол кездегі облыстық экология басқармасы бастығының орынбасары НӘЖМЕДЕНОВА және қалалық эколог Қартамбай САУДАБЕКОВ (кейін ол Арнаулы автобазаны басқарады - З.Б.) қоқысқа қатысты мәселені көтерген.
Содан бері қарай біз былай жұмыс істеп келдік: газетке хабарландыру беріп, кімге топырақ керек болды, соларға біздің аумақтан берілді. Яғни, қазан шұңқырлар қазылып, топырақтар сол жерден тасылды және келісім бойынша шұңқырдың жиегіне шамалы топырақ қалдырып отырды. Біз оған қоқыстарды төгіп, топырақпен жауып тастайтын болдық. Ал бірнеше жылдардан соң бұл жасанды төмпешіктер көктей бастайтын. Мұндай жағдайда тұтануы мүмкін емес еді. Алайда осы мәжілісте сөз сөйлеген экологтар бұл әдісті сынға алып, яғни бұл жағдайда қоқыс топырақ асты қабаттармен, жерасты суларымен өзенге барып, суды улайды деп байбалам салды. Сөйтіп, олар билік басындағылардың көзін жеткізді. Тұрғанов бұған келісімін беріп, шешім шығарды: топыраққа қоқысты көмуге тыйым салынды.
- Ал, сіз онымен келіспейсіз?
- Әрине! Тыңдаңызшы, қоқыс қайда, Жайық қайда жатыр? Бұл мүмкін емес қой, топырақтың өзі нағыз табиғи сүзгіш. Бірақ, коммуналдық кәсіпорын директорының сөзіне кім құлақ ассын? Сол кезден бастап біз қоқысты ашық алаңға төгетін болдық.
- Биліктегілер қоқысты тек жинастырып қоюға ғана бұйрық берді. Болашақта қалай болғанда да бұған балама болатын, мәселен, қоқыс жағатын зауыт секілді шешімін табар жолды қарастырмады да.
- Сол кезде қалалық бюджет болды, егер жаңылыспасам 960 млн теңге болатын. Содан кейін қандай балама жөнінде әңгіме болмақ? Бұл қаржы қазіргі миллиардтар қой!
Шынында да Тасмағам-бетовтың ұлы қоқыс төңкерісінен бері 13 жыл өтті, қала миллиард теңгені игерді, ал, қоқыс сол баяғы - бес шақырымда 8 гектар шіріген үйіндісімен қалды.
Атырау мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бастығының орынбасары Айбарша МҰРАТОВА: – Нормаға сәйкес, қоқыс алаңдары жылына 1 рет санитарлық-гигиеналық тексеруден өткізілуге тиісті. Мамыр айында қоқыс алаңына жоспарлы тексеру жүргізілді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар салынды жєне ұйғарым шығарылды. Ұйғарым толық орындалмағандықтан іс сотқа жолданды. 2012 жылдыњ 6 айында біздің мамандарымыз Атырау қаласының үй салатын аумақтарындағы атмосфералық ауадағы 11 қоспаға 984 зертханалық тексерулер жүргізді. Концентраттардың рұқсат етілген шекті мөлшерінің артуы және сәйкессіздік анықталған жоқ. Соңғы 7 айда атмосфералық ауаның улы газбен улануы туралы жедел хабарламалар және осындай диагнозбен науқастардың ауруханаға жатқызылғандығы туралы хабарлама болған жоқ.
МЕНДЕЛЕЕВ КЕСТЕСІ
Исаев тұтануға бағытталған Одақ тұсындағы технологияға сүйенеді. Ол бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) топырақпен көміп тастау талап етілетін және оны көмуде топырақ қабатының қалыңдығы сақталуы тиіс болатын: қалдықтың бір метр қалыңдығына 30 сантиметр топырақтан келуі керек. Осылайша қазан шұңқыр толғанша жасалады. Нәтижесінде көп-қабатты «бәліш» пайда болады. Бұл тұтану жағынан алып қарағанда қауіпсіз болғанымен, экологтардың көзімен қарағанда күніміз санаулы болып қалмақшы.
Қазіргі әлемде мұндай қазан шұңқырлар гидро оқшаулаусыз қабылданбайды. Олардың түбін жерасты суларына кетуге жол бермейтін сүзгішке қарсы полимерлі экранмен қорғалуы талап етіледі. Көптеген ғылыми жұмыстардың авторлары сендіріп отырғандай, басқа жағдайда қоқысқа жақын жерасты сулары хром, темір, марганец, кобальт, никель, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий, кадмий секілді металдармен араласады. Сондай-ақ, құрамында феноль, мұнай өнімдері, азот оксиді және фосфор болуы мүмкін.
ЕКІНШІ ОҚИҒА ЖӘНЕ КТК СЫЙЫ
Бірнеше жылдардан соң, 2003 жылы Исаев тағы да Арнаулы автобазаға бастық болды. Ол бірде өзіне Каспий тұрба құбыры консорциумынан (КТК) келіп, оның жүйкесінің біраз шаршағандығын еске алады. Сөйтсе, олардың шикізат үшін жасалған су қоймалары базасының периметрі бойынша орнатылған тетіктер қоқыс түтінінен жұмыс істеуге жарамсыз болып қалған.
- Маған бір-екі бульдозер мен жүк тиегіштер беріңіз, оның үстіне топырақ төгейін, ол түтіндемейтін болады.
Олар кетіп қалды да, өзара талқылаған болуы керек, бірнеше уақыттан соң біздің кәсіпорынға демеушілік көмек ретінде екі кезеңге техника әкеліп беруге уәде етті. Сол жылы мен кәсіпорыннан кетіп қалдым, алайда КТК өз уәдесінде тұрып, Арнаулы автобазаға техниканы сыйға тартты. Бірақ оны қалаға қолдануға ыңғайлап алған.
- Қоғамдық қайраткер Макс БОҚАЕВ қоқыс бойынша оның қойнауындағы жиналып қалған қоқыс газының шығу жолын және оның төменнен қыздырылуына жол бермейтін ұңғыларды бұрғылау идеясын ұсынып отыр. Мұндай әдіске сіз не дейсіз?
- Бұл шындыққа жанаспайды! 8 гектарға орналасқан қоқыс үйіндісін аралау тіпті, физикалық тұрғыдан мүмкін емес, сондықтан да мен бұл идеяны ақылға сыйымсыз дер едім. Менің ойымша, бір ғана тәсіл бар - қоқысқа ауаның бармауы және тұтанып кетпеуі үшін оны біртіндеп жиегінен топырақпен көміп отыру керек. Және бұл топырақ құнарлылығын қалпына келтіру емес, көму деп аталады. Оны Чернобыль АЭС секілді көміп тастау керек.
Қоқыс газын шығару идеясы осынша ақылға сыйымсыз деп ойламаймын. Астаналық жаңа қоқыс полигоны, айталық, газ шығару жүйесімен жарақтандырылған. Осылайша алынған газды астаналық коммуналшылар өнеркәсіптік мақсатқа, мәселен, қоқысты қайта өңдейтін зауыттың қажеттілігіне жұмсауды көздеп отыр.
ҮЙІНДІНІ ӨРТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ
Қоқыс адамзат пайда болғалы бері онымен айырылмас көрші болып келеді. Біздің 40 мыңнан бірнеше миллиондаған жылдарға дейінгі созылған осынау мәңгілік проблеманың шешімін табуды іздестірумен келе жатқандығымыз белгілі. Әзірге қаламыз өз қалдығына өзі улану жағдайында тұр.
Көміп өртеуге болмайды. Жерге көму – жер асты мен жерасты суларына зиян, ашық алаңда өртелсе, озонды қабат бұзылады, қатты өнімнің жануын пайдаға асыру проблемасы туындайды: улы күл...
Сөз соңында - мемлекетіміздің азаматтары Конституцияда расталғандай, таза қоршаған ортада өмір сүру, сондай-ақ, қажетті деген экологиялық ақпараттарды алуға құқылы. Қоршаған ортаны қорғаудың жаңа құралдарының бірі экологиялық аудит болып табылады. Бұл - ведомстволық емес, тәуелсіз тексеру, яғни, ол бойынша аумақтың нақты экологиялық белгілерге сәйкестілігі тексеріледі. Оны Атыраудың қалтасы көтере ме? Ол - билікке қойылатын сауал.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА