Атырау, 6 қазан 13:23
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жайыққа нәжістен қауіп бар

2 426 просмотра

Ақпан айының аяғында Оралда Шаған өзенінің жақын маңында шағын экологиялық апат орын алды: канализациялық коллектордың бұзылуы салдарынан диаметрі 300 метрдей адам нәжістерінің  сасыған батпағы пайда болды. Көктемнің келуімен бұл қоспаның барлығы Жайыққа құйылуы әбден мүмкін.

Алайда, осынау «тосын сыйға» кінәлі Орал қаласының су каналындағылар да, экологиялық және санитарлық қауіпсіздікке жауапты шенеуніктер де оған бола қиналып отырған жоқ. Бұл бар болғаны ағаштар үшін тегін тыңайтқыш болмақ.  

Біз Жайық-Каспий экология департаментіне бұл апаттың біздің Жайыққа қандай қауіп төндіретіндігін түсіндіріп беру үшін жолыққан едік. Департамент қызметкерлерінің жеделділігін атап кеткен жөн: олар сол күні-ақ, экология департаментінің батысқазақстандық облыстық филиалына істің мән-жайын анықтауға тапсырма берді. Жоспардан тыс жүргізілген тексеру біраз заңсыздықтарды анықтады: иә, нәжісті батпақ бар. Алайда, департамент бастығының орынбасары, бас мемлекеттік экологиялық инспектор Қабижан ҚАПАНОВ Шаған өзеніндегі апатқа дейінгі және апаттан кейінгі су сынамасының анализі  химиялық құрамы бойынша еш өзгеріссіз екендігін айтты.  Демек, қоршаған ортаға келтірілген залал жоқ.

Біз сондай-ақ, «Каспий табиғаты» ҮЕҰ төрағасы Махамбет ХАКИМОВКЕ де Жайыққа зияны бола ма деген сауалымызды қойдық?

 – Әрине, зиянын  тигізеді,– дейді ол.  – Апаттың Шағаннан 30 метр қашықтықта болғандығы белгілі. Қазір су сынамасы қалыпты, өйткені, батпақ қатып тұр, ертең бәрі еріген кезде  оның судағы тіршілік иелеріне қаншалықты әсер ететіндігін аңғаруға болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

21 наурыз 2012, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.